Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихатының Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында шешім жобасы әзірленді. Қағидалар жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы» қаулысының негізінде, аталған қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып әзірленді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоба қолданыстағы Қағидаларды Үлгілік қағидалардың өзекті редакциясына сәйкестендіруге бағытталған. Қағидаларды жаңа редакцияда баяндау қажеттілігіне байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімінің күші жойылды деп тану және Қағидаларды жаңа редакцияда бекіту ұсынылады.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидалардың өзекті редакциясына сәйкес келтіру болып табылады. Күтілетін нәтиже – жергілікті нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету. Мерзімі – шешім қабылданып, қолданысқа енгізілгеннен кейін.

Шешім жобасында Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын жаңа редакцияда бекіту көзделеді. Қағидалар Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету тәртібін, әлеуметтік көмектің мөлшерін және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.

Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15897931 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.

Дата публикации
18 августа 2026