Алматы қаласы мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 шешіміне өзгерістер енгізу туралыбаспасөз хабарламасы

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешім жобасы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихатының шешім жобасы мүгедектігі бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді ұсыну тәртібін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру және оны қолдану практикасын ескере отырып, қолданыстағы шешімнің жекелеген нормаларын нақтылау мақсатында әзірленді. Өзгерістер енгізу қажеттілігі әлеуметтік көмекті ұсыну тәртібін, өтініш берушілер ұсынатын құжаттардың тізбесін, төлемді тағайындау, тоқтата тұру және тоқтату негіздерін, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың осы шарасын іске асыруға байланысты өзге де рәсімдік мәселелерді нақтылау қажеттілігімен байланысты. Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын ескере отырып әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты мүгедектігі бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді ұсыну тәртібін қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіру, рәсімдік мәселелерді нақтылау және қолданыстағы шешім нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады. Күтілетін нәтиже – әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, әкімшілік рәсімдердің ашықтығын арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде даулы жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайту. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мерзімі – шешім қабылданып, қолданысқа енгізілгеннен кейін.

Шешім жобасында үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді ұсыну тәртібін, өтініш берушілер ұсынатын құжаттардың тізбесін, төлемді тағайындау, тоқтата тұру және тоқтату негіздерін, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың осы шарасын іске асыруға байланысты өзге де рәсімдік мәселелерді нақтылау көзделеді. Өзгерістер әлеуметтік көмек көрсету тәртібін қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіруге және тиісті нормаларды біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.

Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15897937 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.

Дата публикации
18 августа 2026