Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 208 шешімінің күшін жою туралы баспасөз хабарламасы

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 208 шешімінің күшін жою туралы Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңына, кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру саласындағы өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Алматы қаласында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіру болып табылады.

Шешім жобасы қабылданған жағдайда Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 208 шешімінің күші жойылады.

Аталған шешімнің күшін жою жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру жөніндегі іс-шараларды тоқтатуға әкеп соқпайды және олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.

Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15896665 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.

Дата публикации
18 августа 2026