Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 98 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 98 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының
6-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты тіркеу процестерін ретке келтіру, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жүктемені жоспарлауды жақсарту, сондай-ақ тұрақты тұратын және уақытша келетін азаматтар үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру болып табылады.

Бұл жобада халықты есепке алу жүйесін жетілдіру, көші-қон процестеріне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жоспарлау мен ұсынудың тиімділігін арттыру көзделген.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.

Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15895083  сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.

Дата публикации
12 августа 2026