Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

БЕКІТЕМІН

Алматы қаласы

Сәулет және қала құрылысы

басқармасының басшысы

_________________ А. Жанбыршы

«___» __________________ 2026 жыл

 

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№№

Іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларына және Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларына өзгерістер енгізу

Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

НҚА қабылдау

2026 жылдың соңына дейін

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларына және Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ Алматы қаласында үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізу

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және жарнама бөлімі

НҚА қабылдау

2026 жылдың соңына дейін

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексінің негізгі ережелерін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың жаңа талаптарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерімен кеңес ұйымдастыру және өткізу.

Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Кеңес хаттамасы

2026 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін

 

Дата публикации
06 августа 2026