«Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылдың 1 шілде мен 1 тамыз аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылдың 15 шілдеге дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз nursultan.nazhimatdinov@gmail.com, WhatsApp- +7 708 119 56 53, +7 707 544 59 09 № 303 кабинет, мекен-жайы: 050040, Алматы қ., Абай даңғылы, 90.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 708 119 56 53, +7 707 544 59 09телефондары арқылы хабарласуға болады.