Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 22 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қоса беріліп отырған Алматы қаласы әкімдігінің Регламенті бекітілсін.
2) «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/516 қаулысының күші жойылсын.
1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің регламенті
1 тарау. Жалпы ережелер
Әкімдіктің дербес құрамын әкiм айқындайды және Алматы қаласы мәслихаты сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
Сот актілеріне (шешімдер мен ұйғарымдар) ілеспе хаттар, сондай-ақ аппаратқа келіп түсетін сот хабарламалары белгіленген тәртіпте тіркеледі және аппараттың заң бөліміне беріледі, оның басшысы оларды құзыреті бойынша аппараттың басқа бөлімдеріне және/немесе әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне қажетті шаралар қабылдау үшін жібереді
2 тарау. Жұмысты жоспарлау
Әкімдіктің отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20 (жиырма) күнінен кешіктірмей бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімдіктің мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда қалалардың, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға жіберіледі.
Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша дәлелді себептері көрсетіле отырып, отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілген әкімдіктің тиісті мүшесінің жазбасы негізінде қабылдайды.
Аталған шешім туралы өз құзыретіне байланысты мүдделі атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен өзге де лауазымды адамдар хабардар етіледі.
Сол бір мәселені қараудан қайта алып тастау және/немесе қарау мерзімін кейінге қалдыру мониторингін әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
3-тарау. Әкімдіктің отырыстарын дайындау және өткізу
Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның бастамасы бойынша шақыртылады.
Қажет болса, жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкiн.
Мәселенi әкiмдіктің отырысында қарау нәтижелерi бойынша шешім қабылданады.
Шешім әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
1) көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, ақпараттық мәліметтер мен материалдарды;
2) қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобаларын;
3) салыстырма кестелерді, таныстырылымдарды (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 20-дан кем болмайтын, көрнекі ақпаратты көрсетудің 16:9 форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар);
4) ақпараттық (талдамалық) баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
5) қатысушылардың тізімін;
6) әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтиды.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылық режимінің және отырыстарға жіберуді шектеудің талаптары сақтала отырып енгізілетін таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, материалдар отырысқа электрондық түрде енгізіледі.
Шақырылғандардың отырысқа қатысуын аппарат қамтамасыз етеді.
Шақырылған адам аппарат ұйымдастырған отырыстарды (кеңестерді) растауды және (немесе) оған қатысуды қамтамасыз етеді.
Ерекше жағдайларда әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша жоспарланған мәселеге өзгеріс енгізілгенде және отырыс кезектен тыс тәртіппен өткізілгенде материалдар аппаратқа отырыс өтетін күні енгізілуі және отырысқа қатысушыларға тікелей отырыста жеткізілуі мүмкін.
Материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасын құзыретіне қаралатын мәселе жататын әкімдіктің мүшесі қамтамасыз етеді.
Материалдар отырысқа уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ сапасыз ұсынылған жағдайда әкімнің жетекшілік ететін орынбасары немесе аппарат басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды.
Материалдарды уақтылы және сапалы ұсынуды тиісті органдардың бірінші басшылары және әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары және (немесе) аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
Әкімдіктің отырысы әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар отырыс өткізілетін күні аппаратқа енгізілуі мүмкін.
4-тарау. Әкімдік пен әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу
1) егер мәселені шешу әкімдіктің немесе әкімнің құзыретіне кіретін болса;
2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде;
3) егер мәселені шешу жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап етсе, олардың атына ұсыныстар енгізеді.
Әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес әзірлейді.
Жобаларды әкімнің тапсырмасы бойынша аппарат әзірлеуі мүмкін.
1) құзыретіне қарай Алматы қаласы әкімдігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен;
2) әкім аппаратының заң бөлімімен (баспасөз қызметі);
3) әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен;
4) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысымен келісілуін қамтамасыз етеді.
Актінің әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы аппарат басшысынан рұқсат алғаннан кейін Регламенттің 21 тармағында көрсетілген жобаларды ашық көздерде жариялауды және оларды тиісті сараптамалар алу/өзге мемлекеттік органдармен келісу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.
Қала әкімінің орынбасарлары, әкім аппараты, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері және әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары кеңінен тарату үшін материалдар жарияланатын болжамды күнге дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне мынадай құжаттар топтамасын жіберуді қамтамасыз етеді:
1) ақпараттық-анықтамалық материалдар;
2) Қазақстан Республикасының тиісті актісін қабылдау негіздері;
3) ықтимал сұрақтарға жауаптар;
4) қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз релизінің жобасы.
Жобаны ашық көздерде жариялауға аппарат басшысының мақұлдауын алғаннан кейін жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ашық көздерде келісілген материалдардың жариялануын және оларды тиісті сараптамалар алу/өзге мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті өкілді орган шешімдерінің жобалары Алматы қаласының мәслихатымен алдын ала келісуге жіберіледі.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолдана отырып, электрондық құжаттар нысанындағы жобаны, оған түсіндірме жазбаны және куәландырылған басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымын пайдалану және жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіпте электрондық құжат айналымы арқылы әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне келісуге жібереді.
Жобаларды уақтылы, сапалы әзірлеуге және белгіленген мерзімде құқықтық актілерді қабылдауға, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалар мәтіндерінің түпнұсқалығына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аппаратқа уақтылы енгізуге және ашық көздерде орналастыруға актіні әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Өкімдердің жобалары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және лауазымды адамдармен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісіледі.
Өкімнің жобасын келісуге алған кезде атқарушы органдар мен лауазымды адамдар өкімнің жобасына басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қолын алмай бір мезгілде қарайды, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпайды.
Егер өкім жобасы 3 (үш) жұмыс күнінен немесе әкім белгілеген мерзімнен артық келісуде болса, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілген» болып есептеледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өкімдердің жобалары қағаз түрінде келісіледі.
1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелермен келісіледі, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;
2) экономика және қаржы саласындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдармен-қаржылық және экономикалық орындылығы, жобаның қаржыландырумен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ елдің және өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша келісіледі.
3) цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша цифрландыру саласындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органмен келісіледі.
Атқарушы орган, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және ұйым жобаны келісуге алған кезде жобаны басқа мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен және ұйымдармен алдын ала келісуді талап етпеуге, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпауға тиіс.
Егер жоба органда немесе ұйымда белгіленген мерзімнен көп уақыт бойы келісуде болса және ол бойынша жауап берілмесе, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілген» болып саналады.
Әкімдіктің және әкімнің әділет органдарында тіркелуге жататын актілері адресаттарға тіркелгеннен кейін жіберіледі.
Құжаттарды уақтылы шығаруды және адресаттарға таратуды аппарат қамтамасыз етеді.
5-тарау. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Вице-Президентінің, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру
Әкiмнiң бірінші орынбасары, орынбасарлары, аппарат басшысы заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Yкiметтiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.