Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Медеу ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының
Медеу ауданы
халқымен есептік кездесуінің
ХАТТАМАСЫ

Алматы қаласы №______

2026 жылғы 17 маусым

 

Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. Р. Нуптекеевті қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Өтініш беруші азамат Р. Нуптекеевке Думан шағын ауданында жаңа емхана салу мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.
  3. Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасов, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М.Б. Отыншиев (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 тамызға дейін Даман оқиғаларының ардагерлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу мәселесін қарастырсын және қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар енгізсін.

 

  1. Т.М. Крылованы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Өтініш беруші азамат Т.М. Крыловаға Медеу – Шымбұлақ бағыты бойынша электромобильдердің қозғалысы мәселесіне қатысты толық түсініктеме берілді.

 

III. С.В. Кукконы қабылдау қорытындысы бойынша

             1. Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.О. Пашимов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін «ШЖҚ «Алатау қалалық емханасы» МКК ғимаратын реконструкциялау» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға медициналық жабдықтар тізбесін енгізуді көздесін.

             2. Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин, Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Б.А. Сүлейменов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Медеу ауданындағы Ибрагимов көшесінде орналасқан Мәдениет үйінің аумағын (Алатау шағын ауданы, 5 га) абаттандыру мәселесін пысықтасын, оның қазіргі жай-күйі мен абаттандыру қажеттілігіне талдау жүргізсін.

 

  1. У.Г. Дусембаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.М. Жанбыршы, Жер қатынастары басқармасының басшысы Г.А. Көкебаева, Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Медеу ауданында орналасқан бау-бақша серіктестіктерінің қазіргі пайдаланылуына талдау жүргізу мақсатында оларды түгендеуді ұйымдастырсын. Қорытындысы бойынша аталған аумақтардың функционалдық аймақтарға бөлінуін түзету жөнінде ұсыныстар енгізсін.
  3. Қала әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов, Білім басқармасының басшысы С.Ж. Аралбаев, Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін Медеу ауданының мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етілу мәселесін пысықтасын, орын тапшылығы мен болашақ қажеттілікті айқындасын және оны жою жөнінде ұсыныстар енгізсін.

 

  1. Л.В. Светличнаяны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Асылов (келісім бойынша), Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен:

2) 2026 жылғы 5 шілдеге дейін «EC Energy» ЖШС мердігер ұйымының проблемалық объектілерінің тізімін енгізсін;

1) 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Мұзтау шағын ауданындағы (Бутаковка) электр желілері мен сумен жабдықтау желілерінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізсін. Тексеру нәтижелері бойынша тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен және сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдасын.

 

  1. К.Б. Салимбаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С.Ж. Аралбаев, Жер қатынастары басқармасының басшысы Г.А. Көкебаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Медеу ауданындағы № 29 мектеп ғимаратының жобалық қуатын ұлғайту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін.

VII. С.А. Құдайқұлованы қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин, Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы О.К. Шабданов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.М. Жанбыршы заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Шашкин көшесі, 21 мекенжайындағы тұрғын үй маңындағы аумаққа жолдың жүріс бөлігін кеңейту және іргелес аумақты абаттандыру мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізсін.

 

VIII. Б.Т. Бекқожаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Өтініш беруші азамат Б.Т. Бекқожаеваға «Кеңсай» саяжай алабына орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілерін жүргізу мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

  1. И.В. Кравченконы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Асылов (келісім бойынша), Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін Көлсай шағын ауданындағы электр желілерінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізсін және қорытындысы бойынша тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

 

  1. И.Н. Шмальконы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Достық даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің («Три богатыря» ТК) қасбетінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізсін және қажет болған жағдайда оны жөндеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

 

  1. Н.В. Надырованы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы М.С. Байдурин, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.М. Жанбыршы, Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 2026 жылғы 20 шілдеге дейін «Компания Строй Индустрия» ЖШС-нің реновация бағдарламасына қатысу туралы шартта көзделген міндеттемелерді тиісінше және уақтылы орындамауына байланысты аталған шартты бұзу рәсімін бастасын;

2) 2026 жылғы 25 шілдеге дейін жобаларды іске асыруды жеделдету мәселелерін қарау үшін реновация бағдарламасына қатысатын құрылыс салушылардың қатысуымен кеңес ұйымдастырсын;

3) 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Атырау шағын ауданында орналасқан тозығы жеткен тұрғын үйлерді тозығы жеткен тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етсін және кейіннен тұрғындарды көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырсын.

 

XII. Г.И. Алиеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Шашкин көшесінде орналасқан № 112 мектепке дейінгі ұйымды күрделі жөндеу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін.

 

XIII. Е.А. Қадировты қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е.Ж. Жұмабай, Медеу ауданының әкімі Е.Н. Оразалин заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Jasyl Residence» тұрғын үй кешені ауданындағы М. Жүсіп көшесі, 30 мекенжайында орналасқан көшкін қаупі бар учаскеде тіреу қабырғасын салу жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз етсін.

 

XIV. Н.К. Пазылжанды қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Өтініш беруші азамат Н.К. Пазылжанға Бутаковка шатқалына дейінгі автомобиль жолын кеңейту мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.

 

 

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                  Е. Исабеков

 

Дата публикации
15 июля 2026