Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Бостандық ауданы халқымен есептік кездесуінің
ХАТТАМАСЫ
|
Алматы қаласы №______
|
2026 жылғы 16 маусым
|
|
|
|
Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды
Қатысқандар: тізім бойынша
- О.В. Дранкованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ш.Ш. Тұрсынбаев, Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 шілдеге дейін Манас көшесі, 52 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үй шатырының техникалық жай-күйіне тексеру жүргізсін және нәтижесі бойынша жөндеу жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
- С.А. Бекееваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 тамызға дейін Өтепов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер тротуарында қосымша сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстарын жүргізсін.
III. М.И. Мададовты қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы О.Б. Төлебаев, Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Тұңғыш Президент саябағының аумағында және Тимирязев – Серкебаев – Марков көшелері шаршысында заңсыз орналасқан сауда объектілерін бөлшектеу (оның ішінде көше саудасын жою) жұмыстарын жүргізсін.
- Б.М. Амановты қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Байзақов көшесі, 298 мекенжайындағы тұрғын үйге жақын орналасқан жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізсін.
- Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов (жинақтау), Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы
Б.Ш. Мәндібаев, Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін заңнама талаптарын сақтай отырып, Бостандық ауданында иесіз және қаңғыбас жануарларды аулау жөніндегі іс-шараларды жүргізсін.
- А.К. Сабитханованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін Жәңгір хан көшесі бойындағы арық жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізсін.
- Т.Л. Голубаеваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бірлесіп, 2026 жылғы
1 тамызға дейін Алмагүл шағын ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына іргелес аумақты абаттандыру және эстетикалық талаптарға сәйкес келтіру жұмыстарын қамтамасыз етсін;
2) 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін белгіленген талаптарға сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Алмагүл шағын ауданындағы аула аумақтарын жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Жароков көшесіндегі түнгі уақыттағы көлік және жаяу жүргіншілер жүктемесіне тексеру, сондай-ақ көше бойындағы автотұрақтың жолдың өткізу қабілеті мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсеріне бағалау жүргізсін және қорытындысы бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін автокөлік құралдарын тұраққа қоюға рұқсат беру мүмкіндігін қарастырсын.
VII. З.Т. Абилованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С.Ж. Аралбаев, Жер қатынастары басқармасының басшысы Г.А. Көкебаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қазанға дейін № 37 мектептің аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін сатып алу рәсімдерін жеделдетсін және «№ 37 мектептің ескі ғимаратын бұза отырып, жаңа ғимарат салу» жобасын іске асыруға арналған ЖСҚ әзірлеуді жеделдетсін.
VIII. Т.Ю. Смурыгинаны қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы
С.Б. Әділбаевпен бірлесіп, 2026 жылғы 10 шілдеге дейін мекенжайға шығу арқылы Торайғыров көшесіндегі № 17–21 үйлер төңірегіндегі аумақтың экологиялық жай-күйіне тексеру, ластанудың ықтимал көздері мен оның аумақтың санитариялық жағдайына әсеріне бағалау жүргізсін және бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдасын;
2) 2026 жылғы 25 шілдеге дейін жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру мақсатында Асқаров және Саин көшелері ауданындағы саябақ аймағын абаттандыру жобасын қарауға енгізсін;
3) 2026 жылғы 15 тамызға дейін Орбита-3 шағын ауданы, 30-үй мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің аула аумағын жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.
- О.В. Леоновты қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы
О.К. Шабданов, Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Егізбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер тротуарын жөндеу жұмыстарын жүргізсін.
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Ғабдуллин көшесі, 55, 57, 59 мекенжайындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын жөндеу және абаттандыру мүмкіндігін қарастырсын.
- А.Б. Мергенованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Сәтбаев көшесі, 30 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.
- Н.Н. Сергазинованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С.Ж. Аралбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 тамызға дейін Басенов көшесі, 14 мекенжайындағы № 73 мектеп-гимназияның ҚМЖ сапалы аяқтауды және пайдалануға беру актісін ресімдеуді қамтамасыз етсін.
XII. Н.К. Бетмурзаевты қабылдау қорытындысы бойынша
- Өтініш беруші азамат Н.К. Бетмурзаевқа Қазақфильм шағын ауданындағы тозған жылу желілерін жөндеуге қатысты толық түсініктеме берілді.
XIII. А.А. Степанкованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Өтініш беруші азамат А.А. Степанковаға Нұрлытау шағын ауданындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты толық түсініктеме берілді.
XIV. Б.Т. Канажановты қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
Н.К. Серікбай, Бостандық ауданының әкімі А.Б. Қалдыбеков заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қазанға дейін Көкшоқы шағын ауданының тұрғындарын тұрақты және үздіксіз негізде ауыз сумен қамтамасыз етсін.
- Н.К. Умарованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Өтініш беруші азамат Н.К. Умароваға № 12 орталық қалалық клиникалық аурухана ғимаратына жапсарлас құрылыс салу мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы Е. Исабеков