Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Әуезов ауданы халқымен есептік кездесуінің
ХАТТАМАСЫ
|
Алматы қаласы №______
|
2026 жылғы 04 маусым
|
|
|
|
Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды
Қатысқандар: тізім бойынша
- П.К. Байтурееваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
Н.К. Серікбай, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Бас директоры
А.Е. Рахимбетов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы
25 маусымға дейін өтініш берушіні шақыра отырып, Таугүл-1 шағын ауданы, 85-үй мекенжайындағы тұрғын үйді жылумен (ыстық сумен) жабдықтау жүйесіне кешенді тексеру жүргізсін. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою жөнінде шаралар қабылдасын.
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 маусымға дейін Таугүл шағын ауданындағы №36үйдің жанындағы тротуардысапалы түрде қалпына келтіруді қамтамасыз етсін.
- Е.Ж. Агайсаны қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов (жинақтау), Мәдениет басқармасының басшысы Д.А. Алиев, Экономика және қаржы басқармасының басшысы Б.А. Құдайбергенов, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мәндібаев заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 2026 жылғы 30 шілдеге дейін базарларды, мешіттерді, қоғамдық орталықтарды және басқа да қоғамдық кеңістіктерді қоса алғанда, адамдар көп жиналатын орындарда тұрғындардың оқуы, өз білімін жетілдіруі және мәдени демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жаңа кітапханалар мен кітапхана пункттерін құру мәселесін пысықтасын;
2) 2026 жылғы 1 қазанға дейін Ақсай-5 шағын ауданында белгіленген тәртіппен оның жарақтандырылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, жаңа кітапхана ашу үшін шаралар қабылдасын.
III. Ж.Н. Бурабаеваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 маусымға дейін азамат Ж.Н. Бурабаеваның өтінішінде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәліметтерді тарату бөлігінде баяндалған дәлелдерге талдау жүргізсін.
- Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
М.О. Пашимов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы
20 маусымға дейіназаматЖ.Н. Бурабаеваға медициналықтексеруденөтугежәрдемдессін,сондай-ақ қажет болған жағдайда оны оданәрімедициналықсүйемелдеудіұйымдастырсын.
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ш.Ш. Тұрсынбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 маусымға дейін тұрғын үйді жеңілдікпен сатып алуды және (немесе)жалға алуды көздейтінқолданыстағытұрғын үй бағдарламаларынақатысутәртібіменшарттарытуралытолықтүсініктемеберсін.
- Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 маусымға дейін халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы бағдарламалары шеңберінде бар бос орындар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыруды қоса алғанда, өтініш берушіге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесін пысықтасын.
- Е.Т. Бекбаевты қабылдау қорытындысы бойынша
- Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы
А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша), Әуезов ауданының әкімі
А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы
30 маусымға дейін «наркографиканы», сондай-ақ осыған байланысты өзге құқық бұзушылықтарды жоя отырып, есірткі заттарының заңсыз таралу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізсін (оның ішінде Тастақ-1 шағын ауданында), нәтижелері туралы ақпарат берсін.
- Б.М. Алимовты қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
Н.К. Серікбай, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Асылов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен
2026 жылғы 10 шілдеге дейін Достық шағын ауданында электрмен жабдықтау желісінің техникалық жай-күйі мен белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізсін, жарықтың жиі өшу себептерін анықтасын. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған ақауларды жою жөнінде шаралар қабылдасын.
- С.Н. Сапарбаеваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев, Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 маусымға дейін қозғалысты ретке келтіру және автокөлік құралдарының жиналуына жол бермеу үшін Тастақ-1 шағын ауданындағы № 6/9 үйдің жанынан жол белгілерін орнатуды және жол белгілерін енгізуді қамтамасыз етсін.
VII. Г.К. Сеитованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасов, Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Әуезов ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын құру мүмкіндігін қарастырсын, жобаның негізгі параметрлерін пысықтасын және оны іске асыру бойынша ұсыныстар енгізсін.
VIII. С.Н. Акимованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы
С.Б. Әділбаев, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы К. Алпысбайұлы (келісім бойынша), Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының басшысы Б.А. Сүлейменов, Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 маусымға дейін Сайран көліндегі судың халықтың шомылуы үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында судың сапасына зертханалық зерттеу жүргізсін, сондай-ақ өтініш берушіге шомылу үшін жабдықталған орындарға қатысты түсініктеме берсін.
- С.М. Мусаевты қабылдау қорытындысы бойынша
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мәндібаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Әуезов ауданының аумағында орнатылған ойын аппараттарының (күш өлшеуіш және т.б.) заңдылығына талдау жүргізсін.
- И.Н. Агисаеваны қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары Н.Е. Әбдірахым (жинақтау), Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы
С.Б. Әділбаев, Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 маусымға дейін 12-шағын аудандағы жасыл желектердің жай-күйіне зерттеу жүргізсін және талдау нәтижелері бойынша апаттық жағдайдағы және қауіпсіздікке қауіп төндіретін ағаштарды кесуді жүзеге асырсын.
- О.В. Норкинаны қабылдау қорытындысы бойынша
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін 5-шағын аудандағы № 33 үйдің аула аумағын абаттандыру жұмыстарының сапалы аяқталуын қамтамасыз етсін.
XII. Л.К. Усенованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов (жинақтау), Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев, Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.О. Елібаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Ақсай-2 шағын ауданында орналасқан №52 балабақшаны күрделі жөндеу жүргізу және нысаналы пайдалану шарттарымен жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықтасын.
XIII. Г.Р. Ильясованы қабылдау қорытындысы бойынша
- Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы
А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша), Әуезов ауданының әкімі
А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты негізде кәмелетке толмаған балалардың тыйым салынған уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша профилактикалық жұмысты және рейдтік іс-шараларды жүргізуді күшейтсін.
XIV. Б.К. Махановты қабылдау қорытындысы бойынша
- Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Таугүл шағын ауданында арық жүйесін салу жұмыстарының сапалы аяқталуын қамтамасыз етсін.
- А.Н. Сорокинаны қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов (жинақтау), Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы
Б.Ш. Мәндібаев, Әуезов ауданының әкімі А.К. Егембердиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 маусымға дейін санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Әуезов ауданының 4-шағын ауданында қаңғыбас жануарларды аулау бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етсін.
XVІ. Е.М. Абилкожаевты қабылдау қорытындысы бойынша
- Қала әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов (жинақтау), Жастар саясаты басқармасының басшысы А.О. Кажденбек заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін орталықты жарақтандыру, кадрлармен қамтамасыз ету және оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешуді қоса алғанда, Әуезов ауданында комьюнити-орталықтың ашылуын қамтамасыз етсін.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы Е. Исабеков