Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Алмалы ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Алмалы ауданы халқымен есептік кездесуінің

ХАТТАМАСЫ

 

Алматы қаласы №______

 

2026 жылғы 17 маусым

   

Қабылдауды өткізген: Сатыбалды Д.А.

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. С.Ш. Ахмедованы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Өтініш беруші азамат Ахмедов С.Ш.-ға Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасының ғимаратында егде жастағы және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және жағдайды жақсарту мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

  1. Р.Н. Шакиеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Өтініш беруші азамат Шакиева Р.Н.-ға дамуында ерекшеліктері бар адамдарға мемлекеттік түзету көмегін көрсету мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

III. В.С. Букейханова ны қабылдау қорытындысы бойынша

 1. Қала әкімінің бірінші орынбасары Сматлаев А.Б.-ға (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Серикбай Н.К.-ға, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылов А.Н.-ға (келісу бойынша), «Алматы Қала Жарық» МКК Мысык И.В.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Төле би – Мұратбаев – Бөгенбай батыр – Шәріпов көшелерінің шаршысында орналасқан электр желілерінің (сыртқы, магистральдық, ШУНО және ТП) техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша тұрғындарды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау.

 

  1. Л.Ф. Галиеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Тулебаев О.Б.-ға, Алмалы ауданының әкімі Шамшин А.Н.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 2026 жылғы 1 тамызға дейін «Номад» ТК қасбеттерінің, шатырының және витраждық конструкцияларының техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған ескертулерді қолданыстағы кепілдік міндеттемелер мен заңнама талаптары шеңберінде құрылыс салушының қаражаты есебінен жою мәселесін қарау;

2) Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Серикбай Н.К.-ға 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қажетті құжаттарды рәсімдей отырып, «Номад» ТК инженерлік желілерін (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) коммуналдық қызметтердің теңгеріміне беру мәселесін пысықтау.

 

  1. Г.Т. Биржанованы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Тулебаев О.Б.-ға, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жанбыршы А.М.-ға, Алмалы ауданының әкімі Шамшин А.Н.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 тамызға дейін:

1) «М Парк» ТК құрылысының бекітілген жобалау құжаттамасының (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба және т.б.) талаптарына сәйкестігін талдау және талдау қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау;

2) рұқсат құжаттарының болмауына байланысты «М Парк» ТК II кезегіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату және бекітілген жобалау құжаттамасында 16 қабат салу көзделгенін ескере отырып, «М Парк» ТК-нің 17-қабатын пайдалануға беруге жол бермеу.

 

  1. Г.Т. Токбергенованы қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары Сматлаев А.Б.-ға (жинақтау), Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Диханбаев Е.А.-ға, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Кабдулдинов А.Т.-ға (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты негізде Алматы қаласындағы қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтармен жүріп, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін жеңіл автокөлік жүргізушілерінің (оның ішінде такси жүргізушілерінің) жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.

 

VII. Д. Кадырованы қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жанбыршы А.М.-ға, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Тулебаев О.Б.-ға, Жер қатынастары басқармасының басшысы Кокобаева Г.А.-ға, Алмалы ауданының әкімі Шамшин А.Н.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін қала құрылысы жағдайына егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, «Легенда» ТК құрылыс салушысымен бірлесіп, Манас және Биокомбинатская көшелерінің бойында орналасқан гараж нысандарын сатып алу, кейіннен аумақты абаттандыру және тұрғындарға арналған саябақ аймағын құру мәселесін пысықтау.

 

VIII. Ж.У. Джавадованы қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Тулебаев О.Б.-ға, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жанбыршы А.М.-ға, Алмалы ауданының әкімі Шамшин А.Н.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 2026 жылғы 20 шілдеге дейін қажет болған жағдайда мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, «12 месяцев» ТК II–III кезектеріндегі бетон сапасына техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастыру. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде құрылысты тоқтата тұруды қоса алғанда, шаралар қабылдау;

2) 2026 жылғы 30 шілдеге дейін «12 месяцев» ТК құрылыс салушысына қатысты кешен құрылысының I кезегі бойынша анықталған бұзушылықтар мен ескертулерді жою жөнінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.

 

  1. Р. Бахтыгерееваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Білім басқармасының басшысы Аралбаев С.Ж.-ға, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Серикбай Н.К.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 тамызға дейін Панфилов көшесі, 59 мекенжайында орналасқан музыка мектебінің инженерлік желілерін (жылу және электр желілерін) коммуналдық қызметтердің теңгеріміне беру рәсімін, техникалық тексеруді қоса алғанда, жүргізу.

 

  1. Г.Б. Уалиеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Өтініш беруші азамат Уалиева Г.Е.-ға Алмалы ауданында орналасқан мектептердің оқушы орындарымен қамтамасыз етілуі мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

  1. А.Т. Кенжебаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

  2. Қала әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Құрылыс басқармасының басшысы Нурсагатов Н.Т.-ға, Жер қатынастары басқармасының басшысы Кокобаева Г.А.-ға, Алмалы ауданының әкімі Шамшин А.Н.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қажеттілікті талдап, «Умай» ТК маңында мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған жер учаскесінде қажетті әлеуметтік нысан салу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

 

XII. З. Магамбетованы қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Шаханов Б.М.-ға, Құрылыс басқармасының басшысы Нурсагатов Н.Т.-ға, Білім басқармасының басшысы Аралбаев С.-ға, Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Елибаев К.О.-ға заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін Сейфуллин – Әйтеке би көшелерінің қиылысында орналасқан мектепке дейінгі білім беру нысанын (балабақшаны) сенімгерлік басқаруға беру мәселесін, оның ішінде құқықтық негіздерін, ұйымдастырушылық тетіктерін, қаржылық-экономикалық орындылығын, сондай-ақ күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігін бағалай отырып, кешенді пысықтауды ұйымдастыру. Қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізу.

 

XIII. Д. Хайбулинаны қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Өтініш беруші азамат Хайбулина Д.-ға Жароков, Розыбакиев көшелері мен Гагарин даңғылының бойына көше және жаяу жүргіншілерге арналған жарықтандыруды орнату мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

XIV. А. Шынгысбайды қабылдау қорытындысы бойынша

  1. Өтініш беруші азамат Шынгысбай А.-ға Алмалы ауданында орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардағы орынмен қамтамасыз етілу мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Исабеков Е.Ш.-ға жүктелсін.

 

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының

басшысы                                                                                               Е. Исабеков

Дата публикации
15 июля 2026