Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Алатау ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Алатау ауданы халқымен есептік кездесуінің

ХАТТАМАСЫ

 

Алматы қаласы                                      №______

2026 жылғы 18 маусым

 

 

Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. А. Абилтаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 қазанға дейін «Алатау ауданының 13-шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу» жобасы, сондай-ақ Шишков көшесінде орналасқан тұрғын үйлерді орталық су бұру жүйесіне қосу бойынша жұмыстардың сапалы аяқталуын қамтамасыз етсін.

 

  1. Н.Б. Букибаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Алғабас шағын ауданына дейін жаңа қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырсын, тиісті талдау жүргізсін және нәтижесі бойынша оңтайлы шешім қабылдасын.

 

III. Л.С. Кенжебаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
    Н.К. Серікбай, Алатау ауданының әкімі Д.Б.
    Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін «№ 1 коллекторды реконструкциялау» (14 км) жобасы бойынша жұмыстарды бастау үшін түбегейлі шаралар қабылдасын және объектіні уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етсін.

 

  1. А.О. Сагимовті қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы
    О.К. Шабданов, Алатау ауданының әкімі Д.Б.
    Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 тамызға дейін бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Саялы шағын ауданындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз етсін.

 

  1. Г.Д. Исабаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.О. Пашимов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін:

1) Саялы-1 шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауды қамтамасыз етсін;

2) «Саялы-1 шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу» объектісі бойынша шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мердігер ұйым «Отау-Құрмет» ЖШС-ға қатысты түбегейлі шаралар қабылдауды, оның ішінде материалдарды уәкілетті және құқық қорғау органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.

 

  1. А. Серикбаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, «Алматы Су» МКК Бас директоры М.Ж. Беркімбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 қазанға дейін 13 шағын ауданда орналасқан кәріз-сорғы станциясын «Алматы Су» МКК теңгеріміне беру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы
    О.К. Шабданов, Алатау ауданының әкімі Д.Б.
    Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Алматы қаласының Индустриялық аймағына апаратын автомобиль жолдарының өткізу қабілетіне талдау жүргізіп, оларды кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлесін.

 

VII. Г.Т. Талипованы қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
    Н.К. Серікбай, «Алматы Су» МКК Бас директоры М.Ж. Беркімбаев
    заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 тамызға дейін Теректі шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз етсін.
  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы
    О.К. Шабданов
    Теректі шағын ауданында инженерлік желілерді салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 ай мерзімде көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын.

 

VIII. Г.М. Туякованы қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов (жинақтау), Мәдениет басқармасының басшысы Д.А. Алиев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 шілдеге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрын жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.

 

  1. Г.Н. Есбенбетованы қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев, Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 тамызға дейін Карпатская және Ақсай көшелерінде жол жүрісі ережелерінің сақталуы тұрғысынан талдау жүргізсін, нәтижесі бойынша тұраққа қарсы конструкциялар мен қажетті жол белгілерін орнату мәселесін қарастырсын.

 

  1. Д.М. Несипбаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 тамызға дейін Нұркент шағын ауданындағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын және оларды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етсін.
  2. Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов (жинақтау), Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы
    Б.Ш. М
    әндібаев, Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін заңнама талаптарын сақтай отырып, Алатау ауданында иесіз және қаңғыбас жануарларды аулау жөніндегі іс-шараларды жүргізсін.
  3. Өтініш беруші азамат Д.М. Несипбаеваға Нұркент шағын ауданында инклюзивті орталық құру мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

 

 

  1. Е.К. Жардышты қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Өтініш беруші азамат Е.К. Жардышқа Зерделі шағын ауданында жаңа мектеп ашу мәселесі бойынша толық түсініктеме берілді.

 

XII. С.Х. Хивазды қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. 1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы
    О.К. Шабданов, Алатау ауданының әкімі Д.Б.
    Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 тамызға дейін 2025 жылы іске асырылған объектілер бойынша кепілдік міндеттемелері шеңберінде анықталған ақауларды жою және Шапағат шағын ауданындағы жол жабынын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
  2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
    Н.К. Серікбай, «Алматы Су» МКК Бас директоры М.Ж. Беркімбаев
    заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 шілдеге дейін Гвардейская (Биянху) көшесінде орналасқан объектілерді аяқталмаған сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға рұқсат берген кінәлі тұлғаларды анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізіп, қабылданған тәртіптік шаралар (қызметтен босатуға дейін) туралы ақпарат берсін.

 

XIII. Қ. Умбетжановты қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы
    С.Б. Әділбаев, Алатау ауданының әкімі Д.Б.
    Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Рахат-Мәдениет шағын ауданында арық жүйесін салудың орындылығына талдау жүргізсін және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар енгізсін.
  2. Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев, Жер қатынастары басқармасының басшысы Г.А. Көкебаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы №196 мектептің артындағы аумақта балалар ойын алаңын орналастыру мүмкіндігін қарастырсын және нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар енгізсін.

 

XIV. Н. Алканбайды қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов (жинақтау), Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы С.Б. Әділбаев, Алатау ауданының әкімі Д.Б. Қырықбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Самғау шағын ауданындағы арық желілерінің құрылысын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.

 

  1. С.А. Еркебаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

 

  1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 шілдеге дейін Рахат-Мәдениет шағын ауданына дейін жаңа қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырсын, нәтижесі бойынша оңтайлы шешім қабылдасын.

 

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.

 

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                     Е. Исабеков

 

Дата публикации
15 июля 2026