Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Алматы қаласында сайлау алдындағы
үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясымен бірлесе отырып, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының
басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Дата публикации
14 июля 2026