Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!
Құрметті депутаттар!
Ағымдағы нақтылау жобасын әзірлеу барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің барлық ұсыныстары тұрақты комиссиялардың отырыстарында толық қаралды.
Бүгінгі бюджетті нақтылау жобасы 253,5 млрд тенге соммасында қалыптасуда. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру қаланың қалалық бюджет саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Жалпы алғанда 84,8 млрд тенге көлеміндегі қаражат әлеуметтік саланы дамытуға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жұмсалатын болады.
Оқушы орындарының тапшылығы сақталуына байланысты, Әуезов ауданында №42 (Ақсай-2) мектепті қайта жаңартуды бастау, сондай-ақ қолданыстағы №158 мектеп ғимаратын бұзып, оның орнына 900 орындық жаңа мектеп салу көзделуде.
Аталған жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 1 млрд тенге қаражат қарастыру ұсынылады. «JIGER» инновациялық шығармашылық және оқыушыларды дамыту орталығының, №15 санаторлық мектеп-интернатының жаңа ғимаратының қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Наурызбай ауданындағы 2 жаңа балабақшаны және Алмалы мен Бостандық аудандарындағы күрделі жөндеуден кейінгі 2 балабақшаны жабдықтауға тиісті қаражат қарастырылды.
Денсаулық сақтау саласы бойында жергілікті бюджетті нақтылау аясында Медеу ауданындағы «Алатау» қалалық емханасының ғимаратын реконструкциялау жобасын іске асыруды бастау көзделеді, оған 400 млн. теңге бағыттау жоспарлануда. Қаланың денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Медеу ауданында онкологиялық орталығы мен 350 адам қабылдайтын емханасы бар 250 орындық көпсалалы аурухана, «Дарабоз» шағынауданында 200 орындық перинаталдық орталықтың, сондай-ақ Бостандық ауданындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жобалар бойынша жобалау сметалық құжаттаманы аяқтауға 39,3 млн тенге көзделуде.
Мемлекет басшысы ұлттық маңызы бар стратегиялық жобалардың бірі ретінде айқындаған Алматы тау кластерін қаржыландыру басталады.
Бүгінгі бюджетті нақтылау аясында тау кластерінің Орталық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салуды бастауға 12 млрд. теңге қарастыру көзделуде. Аталған қаражат жаңа инженерлік желілерді салуға, сондай-ақ құрылыс аумағына түсетін қолданыстағы желілерді көшіруге бағытталатын болады.
Тау класстерінің инфрақұрылымын дамыту аясында «Шымбұлақ» курортынан Кімасар және Бутаковка шатқалдарына қарай аспалы жолдар мен базалық станциялардың құрылысын бастауға 39,2 млрд тенге бөлу көзделуде.
Сондай-ақ спорттық және қоғамдық инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында Алмалы ауданындағы бұрынғы трамвай депосы аумағында көпфункционалды қоғамдық орталық салуға 1 млрд. теңге бөлу көзделуде. Жоба аясында спорттық құрамдас бөлігімен қатар мәдени креативті бағыттағы комьюнити орталықтарды құру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы Қазақстан гимнастика федерациясы орталығының құрылысын жалғастыруға 10 млрд. теңге қарастырылды.
Қаланың заманауи көлік қаңқасын қалыптастыру және қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамыту мақсатында қосымша 92,7 млрд тенге бөлі қарастырылды. Қоғамдық көлік жүйесіндегі негізгі жобалардың бірі LRT құрылысы. Оны іске асыруға 61,4 млрд. теңге көзделуде. Ұзындығы 18,3 км болатын LRT жобасының бірінші кезеңі 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады. Қаланың Алматы агломерациясымен көліктік байланысын арттыру мақсатында Алматы облысы аумағы арқылы Саин көшесі мен Абай даңғылын жалғастыруды қоса алғанда, жалпы ұзындығы 10 км радиалды автожолдарды салу көзделуде. Бұл мақсаттарға 7,3 млрд тенге көзделеді. Сонымен қатар, Ақжар және Теректі шағын аудандарында жол құрылысына 4 млрд. теңге бөлу жоспарланған.
Құрметті депутаттар!
Ағымдағы бюджеттің нақтылануы Алматы қаласының одан әрі дамуын айқындайтын және тұрғындардың өмір сүру сапасын ұзақ жылдарға жақсартатын маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қолдауларыңызды сұраймын!