Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың баяндамасы

Құрметті Дархан Амангелдіұлы,

Құрметті Мейіржан Батырбекұлы,

Құрметті дептаттар!

 

Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі №111 «Алматы қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі мәслихат шешімінің жобасы қарауға ұсынылады.

Аталған жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайтылды.

Анықтама үшін: 2026 жылғы 1 сәуірге дейін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторий қолданылды.

Бұл өзгеріс қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметтердің өзіндік құнына тікелей әсер етіп, тарифтерді түзету қажеттілігін туындатып отыр.

Айта кету қажет, тарифті түзету тек қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты жүргізілді, ал қалған құрамдас бөліктері өзгеріссіз қалды. Осылайша тарифтердің өсуі шамамен 3,6%-ды құрады.

Сонымен қатар, прокуратура талаптарын орындау және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мәслихат шешімінің жобасында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдіктер қарастырылған (осындай жеңілдіктер 2025 жылғы ақпан айынан бастап Астана қаласында қолданылады):

- төлемнен 100% босату – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

- 50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, жетім балаларға;

- 25% жеңілдік – II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне.

Құрметті депутаттар!

Ұсынылып отырған өзгерістер негізделген сипатқа ие, олар қалдықтарды басқару жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, заңнама талаптарын сақтауға және халықтың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Осыған байланысты аталған шешім жобасын қолдауларыңызды сұраймыз.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
10 июня 2026