Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы электрондық үкімет порталында «Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің жанындағы жазғы алаңдарды орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы жарияланғанын хабарлайды.
Жоба қоғамдық тамақтану объектілерінің жанындағы жазғы алаңдарды орналастыру мен пайдалануға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуді көздейді. Құжатты қабылдау қаланың абаттандыру деңгейін арттыруға, мемлекеттік жер қоры учаскелерін өз бетінше иеленудің алдын алуға, жазғы алаңдарды орналастырудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жобаны талқылауға қатысуға және ұсыныстарыңызды «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15842616 сілтемесі арқылы 19.06.2026 дейін жолдауға шақырамыз.