Алматы қаласының аумағында төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 15 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағында төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидалар бекітілсін.
  2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы шешімді әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Қасымовқа жүктелсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының аумағында төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Дата публикации
09 декабря 2020