Алматыда әлеуметтік көмек жүйесі жетілдірілуде

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы электрондық үкімет порталында әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуге бағытталған Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы жарияланғанын хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихаты әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарастыруда.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленді және қала тұрғындарын әлеуметтік қолдаудың атаулылығын және тиімділігін арттыруға бағытталған. Өзгерістердің негізгі мақсаты – көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы әлеуметтік қолдау шараларын оңтайландыру.

Ұсынылып отырған өзгерістер әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін жетілдіруді және азаматтардың табыс деңгейін, сондай-ақ қолданыстағы үлгілік қағидаларды ескере отырып, оларды көрсету тәсілдерін қайта қарауды көздейді.

Өзгерістер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде іске асырылады және көзделген қаражаттан тыс қосымша бюджет шығындарын талап етпейді.

Жобаны қабылдау қаланың әлеуметтік саясатын жаңғыртудағы кезекті қадам болмақ.

«Ашық НҚА» порталында жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз. Ол үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15817397. Талқылау мерзімі 20 мамыр 2026 жылға дейін.

Дата публикации
30 апреля 2026