Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Метро

Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз метрополитен 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды.

 

Бірінші желіде 7 бекет бар, бірінші кезеңнің бірінші желісінің жалпы ұзындығы 8,56 шақырым.

 

2015 жылы екі жаңа бекеттің ашылуы арқылы Алматы метросының бірінші желісінің жалпы ұзындығы шамамен 11,5 шақырымды құрайды, ал бекеттердің жалпы саны - 9.

 

Бастапқы «Райымбек батыр» бекеті Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысына орналасқан. Соңғы «Мәскеу» бекеті Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің аралығында. Аралық бекеттер - Жібек Жолы (Гоголь - Панфилов), Алмалы (Қарасай батыр - Панфилов), Абай (Назарбаев - Абай); «Байқоңыр» (Абай - Байтұрсынов), «Мұхтар Әуезов атындағы театр» (Абай - Жандосов), «Алатау» (Абай - Жароков пен Гагарин арасында), «Сайран» (Абай - Брусиловский мен Тілендиевтің арасы).

 

Жұмыс күндері пойыздар қозғалысының интервалы 8 минутты құрайды, бір сапта барлығы алты пойыз жүреді. Демалыс және мереке күндері бағыттар бойынша 13 минуттық интервалмен 4 пойыз қызмет көрсетеді.

 

Бір бағыттың құны 80 теңгені, 7-15 жас аралығындағы балалар үшін 40 теңгені құрайды. Жолақыны байланыссыз смарт-карталар мен бір реттік смарт-жетондар арқылы төлеуге болады. Баланссыз смарт картаның құны - 100 теңге. Смарт карталардың балансын вокзалдардағы кассалар мен терминалдар арқылы толтыруға болады. Жолақыны байланыссыз, оның ішінде PayPass арқылы несие картасымен төлеуге болады.

 

Ағымдағы тәулікке дейін қолданыстағы жетонның жарамды екенін білу маңызды Сәрсенбі «Жетон күні» деп жарияланған. Бұл күні жолаушылар уақыты өтіп кеткен жетондарын алып келіп, оны пайдалана алады.

 

Метрополитенде төлемнің жоғарыда аталған түрлерінен басқа, жолақыны ONAY картасымен төлеуге болады, ол үшін бөлек турникеттер қойылған.

 

Бүгінгі күні Алматыда метро құрылысы батыс бағытта жалғасуда. Жақын арада «Сары-Арқа» және «Достық» бекеттерінің ашылуы күтілуде, сонымен қатар «Қалқаман» бекетіне қарай құрылыс басталды, болашақта батыс бағыттағы біріні желінің дамуын қорытындылайтын «Автовокзал» Батыс бекеті іске қосылатын болады.

 

Алматыдағы метрополитен 1988 жылдан бері салынып келеді, соның салдарынан ол тек қала ғана емес, республикадағы ең ұзақ салынған құрылыс нысандарының біріне айналды. Метро құрылысы 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында бірнеше рет тоқтап қалды. Алайда 2006-2008 жылдар аралығында метро үздіксіз салынды.

 

Метро ашылғалы бері оның қызметін 91 миллионнан астам адам пайдаланды. Оның үстіне, қазіргі кезде жолаушылар ағыны күніне 62-65 мыңға жуық адамды құрайды. Қаланың «тыныш аудандарындағы» екі жаңа метро бекеті ашылатын болса, онда жолаушылар ағыны екі есеге артады деп күтілуде.

 

Алматы метросы бірнеше рет әлемдегі ең әдемі метрополитен ретінде танылды. Сонымен қатар қаланың көптеген мәдени іс-шараларының орталығына айналды. Мұнда көрмелер, флешмобтар, музыкалық концерттер, сән көрсетілімдері өтеді, бірнеше телебағдарламалар, сериалдар мен фильмдер түсірілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Метро
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы