
1-ФК ведомстволық статистикалық есептілік деректеріне сәйкес Алматы қаласында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны ( 792 355 адам) өсті, 2021 жылғы (661 813 адам) деңгейден 130542 адамға артқан.
Қалада 1 561 бірлік дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді, 2021 жылмен салыстырғанда 42 бірлікке артық.
Қала бойынша 303 жалпы білім беретін мектептердің контингенті
320,8 мыңды құрады, соның ішінде 284,6 мың бала әртүрлі спорт түрлерінен секцияларда, дене шынықтыру сауықтыру бағытындағы үйірмелерде және сабақтан тыс уақытта тұрғын үйлердің ауласындағы, саябақтардағы спорт алаңдарында және басқа спорт нысандарында шұғылданады.
Қаланың 85 колледжінде 2022 жылы 79,8 мың адам оқиды, оның ішінде 60,8 мың адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады.
53 ЖОО-да дене шынықтырумен және спортпен 55,7 мың студент секцияда, дене шынықтыру және сауықтыру бағытындағы үйірмелерде шұғылданады.
Алматы қаласында 969 спорт нұсқаушысы және 72 әдіскер жұмыс істейді.
Қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мақсатында спорт түрлерінен спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер өтеді.
2022 жылы 9 айында салуатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2305 спорттық-бұқаралық іс-шара өтті, оған 290,0 мың адам қатысты.
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты қалада
5445 штаттық қызметкерлер ұйымдастырады және өткізеді,
2022 жылы қала бойынша спорт түрлерінен жаттықтырушылар саны 1109 адамды құрады, жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі–1698 адам.
2022 жылы қалада ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны
5 665 адамды құрады.
Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қалада мүмкіндігі шектеулі 2,4 мың спортшы бар.
Қалада мүгедектерге арналған 1 спорт клубы жұмыс істейді.
Спорттағы жоғары жетістіктердің дамуы
2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейді, онда 13 854спортшы тәлім алады, қалалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 350 спортшы тәрбиеленіп жатқан болса, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебінде (ЖСШМ) 791 спортшы шұғылданады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатындар саны 80 340 адамды құрады.
Қалада 1 Олимпиада резервін даярлайтын орталық жұмыс істейді. Онда шұғылданушылар саны 600 спортшы, жаттықтырушылар саны – 45 адамды құрайды.
ҚР ұлттық құрама қатарына 1033 спортшы кіреді, оның ішінде: негізгі құрам - 411 спортшы, жастар құрамы – 358 спортшы, жасөспірімдер құрамы – 269 спортшы.
Спорттық инфрақұрылым
Алматы қаласында 3699 спорт ғимараттары бар, оның ішінде: дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандар – 2671, білім беру мекемелері – 1002, спорт мектептері – 26.
Стадиондар - 12, спорт сарайы - 1, спорт ғимараттар кешені - 12, құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы - 5, спорт кешендері - 19, спорттық манеждер - 10, шаңғы базасы - 3, ескек базасы - 2, ату тирлері - 12, атыс алаңы - 1, велотрек - 1, шаңғымен секіруге арналған трамплин – 1, конькимен жүгіру стадионы - 1, хоккей корттары-6, жазық құрылыстар - 2950, теннис корттары - 108, ипподром - 1, жүзу бассейндері - 56, спорт залдары - 486, жапсарлас салынған спорт залдары - 12.
2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы Алматы қаласындағы спорт нысандарының саны 88-ге артты: 75 жазық құрылыстар, 5 жүзу бассейндері, 3 спорт залдары, 5 спорт кешендері.
Балаларды тегін үйірмелер мен секцияларға тіркеу портал арқылы жүзеге асырылады bilimalmaty.kz. ата-аналар бағытты таңдай алады, бос орындардың бар-жоғын біліп, баланы желіде жаза алады.