

Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында 150 қалалық маршрутқа қызмет көрсететін 21 автобус паркі жұмыс атқарады.
Маршруттар бойынша жүретін автобустардың саны 2441 жылжымалы (резервпен) бірлікті құрайды:
- газ автобустары – 515 бірлік;
- троллейбустар – 196 бірлік;
- электрлік автобустар – 15 бірлік;
- дизельді автобустар – 1715 бірлік.
2021 жылдың 9 айында жолаушылардың саны 245 852 918 құрады.
Анықтама: қала маңы аймағында - 11 тасымалдаушы, 40 бағдар,
392 жылжымалы құрам бар.
Қалааралық қатынастарда - 18 тасымалдаушы, 49 маршрут, 100 жылжымалы құрам бар.
Алматыда автобустың бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту мәселесі тек ресми өтініш негізінде қаралады. Өтініш берілгеннен кейін көлік жағдайына талдау жүргізіліп, тиісті шешім қабылданады.
Ол үшін Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жолдауға немесе Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайындағы басқарма кеңсесіне жазбаша түрде жүгінуге болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 225-12-81.
Өтініште автобус бағытын немесе қозғалыс кестесін өзгерту жөніндегі ұсынысты және оның себебін нақты көрсету қажет. Мысалы, жолаушылар санының артуы, қозғалыс интервалының қолайсыздығы немесе белгілі бір аумақта қоғамдық көлік қатынасының жеткіліксіз болуы негіз ретінде көрсетілуі мүмкін.
Өтініш тіркелгеннен кейін басқарма мамандары аумақты барып тексереді, жолаушылар санын, тұрғындар санын және жол инфрақұрылымының жағдайын талдайды, сондай-ақ ұсыныстың жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалайды.
Егер маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту қажеттілігі негізделсе, жаңа қозғалыс сызбасы мен кестесі әзірленеді. Осыдан кейін маршрутқа тиісті өзгеріс енгізіліп, ол әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі заңнамада белгіленген тәртіппен екі айға дейін ұзартылуы мүмкін.