

Мұхтархан Есенгелдіұлы Қалбеков 1985 жылы 2 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007-2012 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.
2012-2016 жылдары «Медеу» ММҚК КММ-де жетекші, бас маман қызметтерін атқарған.
2016-2023 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратында бас маман болып қызмет еткен.
2023-2026 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінде бас маман, бас инспектор қызметтерін атқарған.
2026 жылы қазаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.