

1989 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін бітірген.
Экономика, мемлекеттік саясат және басқару мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.
2013–2015 жылдары – Атырау облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы, сондай-ақ, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылы қаңтар-қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.
2015–2017 жылдары – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2017–2018 жылдары – Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018–2019 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2021 жылы шілде–қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2021–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2025 жылы маусымнан бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.