GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
15 октября 2026
Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Өз аулаңды өзгерткің келе ме? Идеяңды ұсын! 🌿

Жетісу ауданында 2025-2026 жылдары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 25 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жаңарып, тұрғындар үшін жаңа демалыс орындары пайда болды.

Енді сіз де ауданның дамуына үлес қоса аласыз!

📅 12 қазан мен 1 қараша аралығында жаңа жобаларға өтінім қабылданады.

Балалар алаңы, жайлы аула немесе жаңа демалыс аймағы — өз ұсынысыңызды білдіріңіз!


‼️Қосымша сұрақтар бойынша 
+7 708 709 32 33 нөміріне хабарласуға немесе WhatsApp арқылы жазуға болады.

02 октября 2026
Қарттар күніне орай Жетісу саябағында аға буын өкілдерімен бірге ағаш отырғызылды

Бүгін 1 қазан - Қарттар күніне орай Жетісу саябағында аға буын өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтті.

Шараға 50 адам қатысып, 20 түп ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына 2 арнайы техника мен 20 құрал-сайман жұмылдырылды.

Үлкенге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін кейінгі буынға жеткізу – ұрпақ сабақтастығының маңызды бөлігі.

02 октября 2026
Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға белсенді атсалысқан Жетісу ауданының бірқатар қызметкерінің еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.

Ортақ іске үлес қосқан барша қызметкерге алғыс білдіріп, марапат иелерін құттықтаймыз!

30 сентября 2026
Тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өтті

Жетісу ауданының әкімі тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында жолдарды жөндеу, абаттандыру, көше жарығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Әрбір өтініш бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Бірқатар мәселе қосымша зерделеуді қажет ететіндіктен, алдағы уақытта көрсетілген мекенжайларға барып, жағдайды сол жерде қарап, мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.

30 сентября 2026
Волочаевская және Шелихов көшелеріндегі мәселелер тұрғындармен бірге қаралды

Волочаевская және Шелихов көшелерін аралау барысында тұрғындармен кездесіп, аумақтағы бірқатар мәселе талқыланды.

Тұрғындар жолдың жағдайы, көше жарығы, ағаштарды санитарлық қырқу, ретсіз тартылған сымдар және балалар ойын алаңындағы қауіпсіздік мәселелерін көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша ағаштарды санитарлық қырқу мен көше жарығын орнату бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Балалар ойын алаңына бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігі де қарастырылады.

Ал жолды асфальттау мәселесі тиісті басқармамен бірге қосымша зерделенеді. Көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақылауда болады.

 

14 сентября 2026
Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы жалғасын тапты

2026 жылғы 12 қыркүйекте Жетісу ауданындағы «Көкжиек Гарден» саябағында Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, волонтерлер, кәсіпкерлер, белсенді жастар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Акция барысында саябақ аумағы мен оған іргелес нысандардың аумағы тазартылып, абаттандырылды.

Акцияға 350 адам, 17 арнайы техника және 400 бірлік қол құралдары жұмылдырылды. Нәтижесінде 140 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.

Экологиялық акция тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және аудан аумағын таза әрі жайлы ұстауға бағытталды.

11 сентября 2026
Жетісу ауданында жаңа Эко-Хаб ашылды

Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттауға бағытталған жаңа Эко-Хаб ашылды. Бұл – Алматыдағы осындай үшінші экологиялық кеңістік.

«Жетісу-2» комьюнити-орталығы базасында орналасқан Эко-Хабта қалдықтарды бөлек жинауға арналған 10 арнайы контейнер орнатылды. Мұнда тұрғындар пластик, қағаз, алюминий және қайта өңделетін басқа да қалдықтарды тапсыра алады.

Сонымен қатар Эко-Хабта экологиялық акциялар, шеберлік сабақтары, кездесулер мен жастардың бастамаларын қолдауға арналған іс-шаралар өткізіледі.

Ашылу барысында пластикті қайта өңдеу процесі көрсетіліп, қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан – бір күндік акция емес» тақырыбында ашық диалог өтті.

Жаңа Эко-Хаб аудан тұрғындары мен жастарды экологиялық бастамаларға біріктіретін тұрақты алаңға айналмақ.

10 сентября 2026
Жетісу ауданында мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптары түсіндірілді

Жетісу ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде күмәнді материалдарды жариялауға жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын қатаң сақтауы жөнінде түсіндірілді.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі М.Қ. Ахетов және Жетісу ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері қатысты.

27 июля 2026
Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Көкжиек шағынауданында жүргізіліп, оған аудан әкімдігінің қызметкерлері, коммуналдық қызмет мамандары және ауданның белсенді жастары қатысты.

Сенбілікке 350-ден астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аумақтан 112 текше метр қоқыс шығарылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар аудан аумағын көркейтіп, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.

09 июля 2026
Жетісу ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Жетісу ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №1295 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарды салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Іс-шараға Жетісу ауданының әкімі Ляззат Жылқыбаева қатысып, аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтап, олардың қоғамдағы және отбасы институтын нығайтудағы ерекше еңбегіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, кездесу барысында көпбалалы аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша ашық сұхбат өтті.

Салтанатты рәсімде 1 ана «Алтын алқа», 3 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Мемлекеттік наградалар көпбалалы аналардың ел демографиясын дамытуға, ұрпақ тәрбиесіне және отбасы құндылықтарын дәріптеуге қосқан елеулі үлесінің жоғары бағаланғанының айқын көрінісі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы