
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексіне және "неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz