
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексіне және "бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);
4) туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; ;
шетелдіктер қосымша ұсынады:
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтінінің нотариатта куәландырылған мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).