Лого

Меню

Страницы

Статья

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда және Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 347"Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес мерзімді және біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
1. Өрттің немесе дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде келесі мөлшерде беріледі:
тұрғын үйді жоғалтқан, бүлдірген, айтарлықтай залал келтірген кезде тұрғын үй иесінің отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін;
50 (елу) айлық есептік көрсеткіш – төтенше жағдай немесе өрт салдарынан қайтыс болған әрбір адамға отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда.
Әлеуметтік көмек өтініш берілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылады біржолғы және мерзімдік әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, өткен тоқсанға өтініш берген кезде ұсынылған кірістер туралы мәліметтер негізінде тағайындалады.:

2. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы 3 (үш) ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын азаматтардың келесі санаттарына жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлене отырып, жыл сайын тағайындалады:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлерге.
Біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет 20 (екі еселенген) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тұрақты тұрғылықты жерінің тіркелген жері бойынша аудандық бөлімге мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2)адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

Дата публикации
09 ноября 2021
Дата обновления
09 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
04 марта 2024
Обращения граждан за 2023 год
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы