Жетісу ауданы әкімі аппаратының
2025 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстары
туралы есеп
1.Экономика
Өнеркәсіп
2025 жылғы қаңтар-маусым өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі
199 млрд.тг. құрады. НКИ – 106,5% (2024 жылдың ұқсас кезеңі -173,8 млрд.тг., НКИ-102,5%). Есепті айдағы көрсеткіш – 35,7 млрд. тенге.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-маусым 75,2 млрд. тенге құрайды. НКИ – 166,6% (2024 жыл-43,9 млрд. тенге., НКИ-119,9%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың қалалық көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 8,2%.
Салықтар
2025 жылға жоспар – 347,3 млрд. тг. Оның ішінде: республикалық – 212,4 млрд тг., жергілікті – 134,9 млрд. тг.
01.07.2025 жылдың орындалу фактісі - 170 млрд. тг. (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 153,4 млрд. тенге.). Оның ішінде: республикалық – 93,8 млрд. тенге, жергілікті – 76,2 млрд.тг. (2024 жылдың ұқсас кезеңі - республикалық-84,6 млрд. тг. жергілікті – 68,8млрд.тг.).
2025 жылғы қаңтар-маусым бөлшек сауда айналымының көлемі 552 млрд. тенге құрайды. НКИ – 100,1%, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 52,4 млрд. тг., НКИ – 57,9%, азық-түлік емес тауарлар – 499,7 млрд. тг. НКИ - 108,6% (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 514,5 млрд.тг., НКИ – 114,8%).
Көтерме сауда айналымы – 1 763 млрд. тенге. құрады, НКИ – 99,9% оның ішінде азық-түлік тауарлары – 404,6 млрд.тенге құрады, НКИ – 90,7%, азық-түлік емес тауарлар – 1 358,7 млрд. тенге. НКИ – 103,1% (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 1 763 млрд.тг., НКИ – 96,6%).
Көтерме-бөлшек сауда айналымы - 2 315,5 млрд. тенге. құрады (2024 жылдың ұқсас кезеңі – 2 203,6 млрд. тг.).
Кәсіпкерлік
Тіркелген заңды тұлғалар (2025 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша) – 39 203, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 34 393 (2024 жылғы ұқсас кезең – 35 704, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 31 702).
Жаңа жұмысшылар орнын құру
01.07.2025 жағдай бойынша ауданда 772 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жыл жоспарына 18,3% - 4 213 (2024 жылға арналған жоспар – 4693).
2.Әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік көмек
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) 260 отбасы өтініш білдіріп, жыл басынан
15 757 424 тг. төленді.
54 адамға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, жыл басынан бері 1 806 267 теңге. төленді.
2025 жылдың басынан бері 1 432 адам 7 АЕК (27 524 теңге) мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 7 871 864 теңге құрады, ауданның аса мұқтаж 989 адамға жалпы сомасы 14 469 760 тенге, 20 АЕК (78 640 тенге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 10 АЕК (39 320 тенге) мөлшерінде әлеуметтік көмек 3 адамға тағайындалды, төленген сома -
117 960 теңге, сонымен қатар, 6,5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек
5 ҰОСА тағайындалды, төленген сома - 920 088 теңгені құрады.
Туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық кезеңде емдеу және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған 12 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек 75 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 5 143 056 теңгені құрады.
АИТВ жұқтырған балаларға 2ПМ мөлшерінде әлеуметтік көмек
4 өтініш берушіге тағайындалды, төленген сома 832 104 тг. құрады.
Суық және ыстық суды есепке алу аспаптарын сатып алу, тексеру және орнату шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек жалпы сомасы
183 738 теңге 27 өтініш берушіге тағайындалды.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек 3 208 512 теңге сомасына 88 отбасына тағайындалды.
Сондай-ақ, 535 аса мұқтаж азаматтар санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек сұраған.
Сонымен қатар, бөлімде мүгедектерді техникалық көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- 315 мүгедек жеке көмекшінің қызметіне өтініш берді.
- 37 мүгедек жест тілі маманының қызметіне өтініш берді.
-көру қабілеті бұзылған 93 мүгедек тифлотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.
- 32 мүгедек сурдотехникалық құралдарды алуға өтініш берді.
- 97 протездік-ортопедиялық көмекке өтініш берді.
-бірінші топтағы 40 мүгедек қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалар) қамтамасыз ету үшін өтініш берді.
- 765 мүгедек санитарлық-гигиеналық құралдарды (памперстер, нәжіс қабылдағыштар және несеп қабылдағыштар) алуға өтініш берді.
-1 336 мүгедек санаторий-курорттық емделуге өтініш берді.
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық комиссияның қарауына ақшалай өтемақы мен куәлік алуға 161 өтініш қабылданды.
Еңбек иммигрантына рұқсатты ұзарту және кері қайтару үшін жыл басынан бастап 1 837 мигрантқа жұмысқа ораналасу үшін рұқсат берілді.
Көпбалалы отбасылармен жұмыс жалғасуда. Көпбалалы отбасылардан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен награда алуға 35 өтініш қабылданып, марапатталды.
Сондай-ақ, ақталған тұлғаларға 2 куәлік берілді.
Жыл басынан бері мүгедектерді әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 1 336 өтініш түсті, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы
222 000 000 теңге сомасында қызмет көрсетілді.
Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 - жылдығына орай ҰОСА, ҰОСҚ және ҰОСА-не теңестірілген азаматтарға, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген әйелдердің әйелдеріне, еңбек майданының қатысушыларына 89 950 000 теңге сомасына мынадай төлемдер жүргізілді, оның ішінде:
-ҰОС ардагерлері мен ҰОСМ - 1 адам, - 5 млн. теңге;
-Дамаск қатысушылары – 2, - 400 мың теңге;
-ҰОС теңестірілген - 81 адам – 8,1 млн. теңге;
-ҰСҚ-ға теңестірілген - 23 адам, - 2,3 млн. теңге,
-Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген 13 адамның әйелдеріне – 650 мың теңге.,
-Қаза тапқан 3 - әскери қызметшілердің отбасыларына – 300 мың теңге;
-Басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне 298 адам, - 29,8 млн. теңге;
-Тыл майдангерлері – 434 адамға – 43,4 млн. теңге.
-Ауғаныстан Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің жекеленген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек - 308 адамға – 30,8 млн.теңге.
Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс
Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында демеушілер көмегімен «Отбасын қолдау орталығы» тарапынан – 68-ден астам отбасыға, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» тарапынан – 53 қызмет алушыға (зейнеткерлерге) азық-түлік себеті түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді, қайырымдылық мәдени іс-шараларына (театр қойылымдары, концерттер, кинотеатрлар, ойын-сауық саябақтары) 302 адам жіберілді.
Сонымен қатар, Haileybury жеке мектебі әлеуметтік қызмет алудағы 20 жалғызбасты зейнеткерге азық-түлік себеттерін табыстады.
Құрбан айт мерекесіне орай әлеуметтік осал топтағы 200-ден астам отбасы азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді.
Жеңіс күні-9 мамыр мерекесінде 420 адамға мерейтойлық медаль табыс етілді.
Әлеуметтік қорғау
Үйде қызмет көрсететін 4 бөлімде 279 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызмет алуда.
279 адамның ішінде:
6 айда әлеуметтік қызметке 10 адам қабылданып, 20 адам есептен шығарылды.
Әлеуметтік жобалар
Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 5 жоба жұмыс істейді:
Кемел шағынауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу және оқыту үшін. Жобаны «Ана тілегі – бала жүрегі» ҚҚ жүзеге асырады. Жылдық бюджеті – 23,4 млн. тг, 01.07.2025 жағдайына 11,3 млн. тг. (47%) игерілді. Есепті кезеңде – 280 адам тіркелген, 2490 қызмет көрсетілді.
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – «Қазақстандық адам ресурстарын дамыту институты» ҚҚ жүзеге асырады. Жылдық бюджеті – 33,5 млн. тг., 01.07.2025 жағдайына 14,8 млн тг (43%) игерілді. Есепті кезеңде – 174 адам тіркелген, 2 654 қызмет көрсетілді.
«Отбасын қолдау орталығы» – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Жобаны «Сәби тілегі» ҚҚ жүзеге асырады. Жылдық бюджеті – 27 млн. тг., 01.07.2025 жағдайына 10,3 млн. тг. (38,2%) игерілді. Есепті кезеңде 5907 адам жүгінген.
«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы – бастауыш сынып оқушыларына дайындық және қосымша сабақтар. Жобаны «Шыңға өрлеу» ҚҚ жүзеге асырады. Жылдық бюджеті – 37,1 млн тг, 01.07.2025 жағдайына 13,7 млн тг (36,9%) игерілді. Есепті кезеңде 137 бала тіркелген.
«Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Жобаны «Сәби тілегі» ҚҚ жүзеге асырады. Жылдық бюджеті – 22,2 млн тг, 01.07.2025 жағдайына 7,1 млн тг (34,4%) игерілді. Қамтылған қызмет алушылар саны – 450 адам.
Бейімдеу
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары аясындағы «Инклюзивті орта құру» жол картасына сәйкес аудандағы 1749 нысан бейімдеу/паспорттау қажет. inva.gov.kz порталына 835 нысан енгізілген.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КТҚҚК)
12 отырыс өткізіліп, 58 мәселе қаралды. Оның ішінде: 50 мәселе – кәмелетке толмағандар туралы, 8 мәселе – кәмелетке толмағандардың ата-аналар туралы, 2 мәселе – комиссия жұмысының жоспарлы сұрағы. Ата-аналық құқықтан айыру бойынша - 4 шешім қабылданды, 6 ай мерзімге ата-аналық құқықтан шектеу бойынша - 2 істер болды.
Гендерлік теңдік
Ауданда 3212 көпбалалы отбасы, оның ішінде 497 отбасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері, 6 және одан да көп баласы бар аналар бар.
Жетісу ауданындағы денсаулық сақтау қызметі 4 мемлекеттік медициналық ұйым жүзеге асырылады. Барлығы емханалар және тіркелген тұрғындарға амбулаториялық көмек көрсетеді. Аудан халқы – 200 499 адам. Қазіргі уақытта 4 аудандық емханада 126 127 адам тіркелген, ал қалған 74 372 тұрғын көршілес Алмалы, Түрксіб және Медеу аудандарындағы медициналық ұйымдарға тіркелген.
Туберкулездің 7 жағдайы анықталды (2024 ж. – 8).
Ана өлімі тіркелмеген.
А гепатиті ауруымен 25 жағдай тіркелді (2024 ж. –3)
Онкологиялық аурудың 54 жағдайы тіркелді (2024 ж. – 66).
Жыл қорытындысы бойынша аудандағы денсаулық сақтау саласында оң көрсеткіштер байқалады. Сапалы медициналық қызмет пен медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік емханалар жанында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және 1 КТ орталығы жұмыс істейді. 2024 жылдың қазан айында қалалық №33 емхана пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы қалалық №21 емханада күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы жоспарланған. Сондай-ақ биыл Омаров көшесінде АМСЖ орталығы мен Нүсіпбеков көшесінде жаңа қалалық емхана пайдалануға берілмек.
ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың мамыр айынан бастап аудандық емханаларда 4-санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсететін мобильді бригадалар жұмыс істейді. Кеңейтілген тәжірибесі бар медбикелер кабинеттері мен әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі ұйымдастырылды. Осы өзгерістер есебінен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тиімді ұйымдастыру, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылауға алу және оларды барынша қамту жүзеге асырылуда. Балалардың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді анықтау және азайту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні аудандағы мемлекеттік жалпы білім беретін күндізгі мектептердің саны – 21, жалпы оқушылар саны – 29 460. Оның ішінде: 5 мектеп орыс тілінде, 7 мектеп мемлекеттік тілде және 9 аралас мектеп.
Жеке мектеп – 1, оқушы саны – 17.
Ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында Бурундай көшесі, 91 мекенжайында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталу сатысында (мердігер – «Qazaq Stroy» ЖШС, жер аумағы – 2 га).
2025 жылдың қазан айында №43 мектепке 280 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталады.
№112 мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы «SheberBuild» ЖШС тарапынан келісімшарттық міндеттемелер орындалмауына байланысты тоқтатылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап мердігер ұйым – «7 Строй» ЖШС жұмысты қайта жалғастырып, оны 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
Мектепке дейінгі білім беру
Жетісу ауданында 23 мемлекеттік және 29 жеке балабақша жұмыс істейді, жалпы бала саны – 5798 бала.
Ағымдағы жылдың қараша айында №163 мемлекеттік балабақша ғимаратына (250 орын) және балабақша салуға сатып алынған Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы ғимаратқа (190 орын) реконструкция жүргізу жоспарлануда.
2025 жылдың 2 тоқсанында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 49 өтініш өңделген, оның ішінде:
«Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» қызметі бойынша - 42 көрсетілді, 13 - бас тартылды;
«Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату» қызметі бойынша – 7 көрсетілді, 3 – бас тартылды.
2025 жылдың 6 айында аудандық спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша комиссия тарапынан 40 құжат қаралып, құжаттары мақұлданды.
6.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Жетісу ауданының тұрғын үй қоры «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, АЭС-2, АЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің, 15 басқарушы компаниялардың, 276 мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), 908 жай серіктестіктердің құрамына кіретін 1 963 көппәтерлі үйден (алаңы 8 058 891 м2 болатын 103 979 пәтерден) тұрады.
Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау
Қазіргі уақытта 8 КПҮ жарықтандырумен қатар қасбеттерді бояу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппаратымен ағымдағы жылы Жароков көшесінің бойында орналасқан 22 КПҮ жарықтандырумен қатар сырлау жұмыстары жоспарлануда.
Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңдарын орнату
Қазіргі уақытта 70 аула аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан әкім аппараты 52 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім берді.
Көппәтерлі үйлердің аулаларын күтіп ұстау
Мердігер мекемелердің күшімен аудан аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларын күнделікті тазалау, балалардың ойын және спорт алаңдарын ағымды жөндеу жұмыстарынан өткізу шаралары атқарылуда.
Ағымдағы жылы ауданның аулаішілік аумақтарында орналасқан
2 000 авариялық-құрғақ ағаштарды бұзу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 15 000 дана көлемінде ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 6 800 ағашты санитарлық кесу және 230 ағашты кесу жұмыстары жүргізілді.
Жетісу ауданындағы мазарларды (жерлеу орындарын) күтіп ұстау
Ауданның мердігерлік ұйымының күшімен ағымдағы жылдың басынан бастап күн сайын ауданның 7 зиратының жерленген жерлерін санитарлық тазарту жүргізіледі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 5 зиратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс
2025 жылғы қаңтар-маусым 332 432 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді – 72,3% - өткен жылдың тиісті кезеңіне, оның ішінде: көппәтерлі тұрғын үйлер – 314 451 м2, ЖТҚ – 17 981 м2 (2024 жылғы ұқсас кезең - 459 754 м2).
Жетісу ауданы аумағында жалпы ұзындығы 287,9 км болатын 269 көше бар
Ауданы - 2 557 435 м2, тротуар – 108,9 км, арық желілері – 110,7 км.
Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы желісі бойынша биылғы жылы ауданның 36 көшесінде жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды, жалпы ұзындығы – 24,3 км. Оның ішінде, ұзындығы -16,3 км құрайтын, 11 көшеде жұмыстар аяқталды.
Көлік қозғалысының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында «Solarit» ЖШС мердігерлік ұйымы жалпы ауданы 25 мың м2 астам шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, 240 бірлік люктер мен жаңбыр қабылдағыштар көтерілді.
Екінші кезең аясында «Core Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы осы бағыт бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Бүгінгі таңда 2 мың м2 астам жол төсемі жөнделді, 18 бірлік люктер мен жаңбыр қабылдағыштар көтерілді. Күн сайын ауданда 6 бірлік арнайы техника және 15 жол жұмысшылары жұмылдырылып отыр.
Жетісу ауданы аумағындағы автожолдарды күтіп ұстауға техникалық қадағалау қызметтері бойынша биылғы жылы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен 15 млн. теңгеге шарт жасалды.
Техникалық тротуар
Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «Same Construction» ЖШС мердігерлік ұйымымен ауданның 11 көшесінде (Сейфуллин, Жангелдин, Жансүгіров, Көкмайса ш.а., Нефтебаза, Солтүстік айналым, Есенов, Станисласский, Омаров, Есім хан, Дауылпаз) техникалық тротуарларды орнату бойынша жұмыстар жүргізуге шарт жасалды. Қазіргі уақытта техникалық тротуарларды орнату жұмыстары аяқталу сатысында.
Сыртқы жарықтандыру желілері
2025 жылдың 6 айында «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК жарық нүктелері - 2950 дана ауыстырылды, кабель желісі - 39,77 км. қалпына келтірілді, жарықтандыру тіректері - 116 дана орнатылды, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары (СЖБШ) - 91 дана жөнделді, жаңа СЖБШ - 24 дана орнатылды, жарықтандыру тіректері - 954 дана сырланды.
Өтінімдерді өңдеу: келіп түскен барлық өтінімдер саны - 2 368 дана, Пысықталғаны - 2 368 дана.
8.Көріктендіру
Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау
Жетісу ауданының аумағында жасыл аймақтардың ауданы - 168,23 га құрайды, жасыл аймақтарды күтіп-ұстауға 4 мердігер ұйым жұмылдырылған:
- «Т.М. ТРОЯ» ЖШС 2024 жылғы 22 сәуірдегі №165 Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес. Жетісу ауданының саябақтары мен скверлеріндегі жасыл аймақтарды күтіп ұстау.
- «ALI-nur GREEN LINE» ЖШС 2024 жылғы 15 сәуірдегі №151 Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес. Жансүгіров көшесі - Серіков көшесі - Ангарская көшесі – Палладин көшесі-Павлодар көшесі - Бурундай көшесі – ш / а. "жасыл аймақтарды күтіп ұстау. Көкжиек және ш / а. Кемел.
ҚБ «Қазақ саңыраулар қоғамы» - 2024 жылғы 15 сәуірдегі №150 Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес "Қазақ саңырау қоғамы" ҚБ. Палладин көшесі-Ангарская көшесі – Серіков көшесі-Бөкейханов көшесі – Солтүстік айналма көшесі - Бурундай көшесі және Павлодар көшесі " көшелерінің алаңындағы жасыл аймақтарды күтіп ұстау.
- «Зәулім қала» ЖШС 2025 жылғы 18 ақпандағы №137 және №136 Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес. Кіші Алматы р. – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналма - көшелерінің шаршысындағы жасыл аймақтарды күтіп ұстау және жинау. Көкмайса-Бөкейханов көшесі-Серіков көшесі-Жансүгіров көшесі-Рысқұлов даңғылы, ш / а. Көкмайса-Бөкейханов көшесі-Серіков көшесі-Жансүгіров көшесі-Бұрындай көшесі-ш/а. Кемел-ш/а. Көкжиек – Жетісу ауданы бойынша Солтүстік айналма.
- Жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстарын «ALI-nur GREEN LINE» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Жоспарланған жұмыс көлемі – 14 000 ағаш. Іс жүзінде 11 700 ағашты санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, «ATM SYSTEMS» ЖШС мердігерлік ұйымымен апатты, әлсіреген және құрғақ ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде. Кесу жоспары -1500 ағаш. Іс жүзінде 1200 ағаш кесу жұмыстары жүргізілді.
Жасыл желектерді автоматты түрде суару 23 учаскеде, ауданы 61,29 га. жасыл аймақтарды күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге 5 мердігер ұйым («Т. М. ТРОЯ» ЖШС, «Alinur GreenLine» ЖШС, «ҚСҚ» ҚБ, «Зәулім қала» ЖШС және «Темір Строй» ЖШС) жұмылдырылған.
Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету
Жетісу ауданының аумағында ұзындығы 287,9 км, ауданы 2 557 435 м2, 269 көше бар.
– ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК (Райымбек даңғылы – Бөкейханов көшесі – Рысқұлов даңғылы-Сүйінбай даңғылы бойындағы көшелерді, тротуарларды, арық желілерін күтіп ұстау, Рысқұлов-Кудерин қиылысынан Қапшағай көпіріне дейінгі Солтүстік айналма жол және көпірден қала шекарасына дейінгі Қапшағай тас жолы, ш / а аудандық маңызы бар көшелер.Кемел және Солтүстік айналма көшелерінің квадраты-Жансүгіров көшесі-Рысқұлов даңғылы-Кіші Алматы өзені-Райымбек даңғылы-Күдерин көшесі. 2025 жылғы 25 ақпандағы №147 шарт.
- «ALI–nur GREEN LINE» ЖШС (көшелерді, тротуарларды, арық желілерін күтіп ұстау: Рысқұлов даңғылы–Солтүстік айналма көшесі –Бұрындай көшесі-Жансүгіров көшесі және Райымбек даңғылы-Сүйінбай даңғылы-Рысқұлов даңғылы-Кіші Алматы өзені". 2025 жылғы 12 ақпандағы №125 шарт.
- «АБС ЛД-Строй» ЖШС (көшелерді, тротуарларды, арық желілерін ұстау, Көкжиек, ш /а., Райымбек даңғылы-Күдерин көшесі-Рысқұлов даңғылы-Бөкейханов көшесінің квадратындағы Кемел және жергілікті маңызы бар көшелер. 2025 жылғы 05 ақпандағы №126 шарт.
18 жер үсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін күтіп ұстаумен «ATM SYSTEMS» ЖШС айналысады. Есепті кезеңде мердігер ұйым жуу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ ағымдағы жөндеу шеңберінде «Yard Service» ЖШС мердігер ұйымы аудан аумағында орналасқан жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде 10 тік көтергішті (лифтілерді) және 18 көлденең көтергішті ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу ауданында жайлы және таза қалалық орта құруға бағытталған көріктендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері 37 учаскеде ауданның барлық мердігерлік ұйымдары жұмылдырылды. Сондай-ақ, ауданның тұрғындары мен белсенділері, оқу орындарының өкілдері, Сауда өкілдері мен абитуриенттер қатысты. Қоғамдық аумақтарды, саябақ аймақтарын, жағалау аймақтарындағы өзендер бойында, заңды объектілердің іргелес аумақтарын жинау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. 1 720 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Аудан аумағында қатты-тұрмыстық қалдықты шығаратын 5 ұйым бар («Ақ Тәртіп» ЖШС, «Көк-төбе» ПКСД, «Де-Факто и К» ЖШС, «Куйкабаев» ЖК, «G&T Group» ЖШС). Штаттың жалпы саны-117 адам, техника саны-48. Контейнерлік алаңдардың барлығы 205 бірлік (26 көмілген, 122 кәдімгі), 121 бірлік капсула және 695 бірлік контейнер. Біріншіден, ауданның қоқыс шығаратын ұйымдары 304 контейнерді ауыстырды, 113 ақпараттық тақта орнатылды, 83 контейнерге жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 191 контейнерлік алаңды жуу және қайта өңдеу жүргізілді.
Жетісу ауданының аумағында 11 бірлік тегін санитарлық-гигиеналық торап (қоғамдық дәретхана) орналасқан. «Garant Telecom» ЖШС мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді.
Аудан аумағындағы қоғамдық кеңістіктердің санитариясын қамтамасыз ету желісі бойынша жалпы сомасы 3 302 580 теңгеге 23 хаттама жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 505 және 386-баптарына сәйкес.
Көгалдандыру
Суару жүйесін келесі мекенжайлар бойынша жайластыра отырып көгалдандыру жүргізілді:
* Гүлдер саябағында және Сейфуллин-Жансүгіров көлік айрығы бойында көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
* Назарбаев, Абылай хан, Сейфуллин даңғылдары бойынша буферлік аймақтарды көгалдандыру жоспарлануда.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары:
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында ауданның мердігер ұйымдары келесі жұмыстарды жүргізді:
- құнарлы қабаты бар көгалдарды себу-840 м2;
- көгалдарды төсеу - 300 м2 шымтезек;
- жапырақты ағаштарды отырғызу: емен (4 м) – 30 дана, қайың (4 м) – 3 дана.;
- поребрикті орналастыру-270 п. м.;
- төсеніш төсеу-470 м2;
– бұталарды отырғызу-35 дана.;
- орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату - 4 дана;
- бейнебақылау камерасын орнату-4 дана;
- асфальт төсеу-358 ш. м;
- шекараны жайластыру - 32 п. м;
- өздігінен суару үшін ұңғыманы бұрғылау-1 бірлік;
«Империя Инжиниринг» ЖШС келесі жұмыстарды орындады:
-Бөкейханов көшесінде аялдама кешенін орнату,
-Талант көшесіндегі тротуарды жайластыру,
-Ермолова көшесіндегі балалар алаңын салу,
-Ақпаев көшесіндегі футбол алаңын абаттандыру.
ТЖ алдын алу
Ауданның мердігерлік ұйымдары – ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК, «ALI–nur GREEN LINE» ЖШС және «АБС Лд Строй» ЖШС ұзындығы 90,7 км арық желісін тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бұдан басқа, «Аламан Групп» ЖШС мердігерлік ұйымы Жетісу ауданының аумағында жалпы ұзындығы 32,7 км өзендерді күтіп ұстау және тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Көкжиек шағынауданында қураған жердің өртенуін болдырмау үшін «ALI–nur GREEN LINE» ЖШС мердігерлік ұйымы 10 га алаңда шөп шабу жұмыстарын жүргізді.
Стихиялық сауда
2025 жылдың басынан бастап аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің қызметкерлері мен Жетісу ауданы ішкі істер басқармасының қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы стихиялық сауданы жою бойынша 90-нен астам рейд жүргізді.
Рейдтер жүргізу кезінде рұқсат етілмеген орындарда сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 млн. тенге сомасына 526 хаттама жасалды.
Стационарлық емес сауда объектілері:
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп, рұқсат етілмеген сауда нысандарының барлық объектілері бойынша хабарламалар таратылды. 2025 жылдың 6 айында 27 заңсыз орнаталған сауда объектілері мен 48 силомерлер алынды.
Абаттандыру паспорттары
Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында 900-ден астам бизнес нысандары, оның ішінде магистральдық көшелерде (Рысқұлов даңғылы, Байымбек Батыр даңғылы, Жансүгіров көшесі, Солтүстік айналым көшесі) орналасқан.
Бүгінгі таңда мемлекеттің 952 паспорты берілді. Жоспардың орындалуы - 104% (жоспар - 912).
Паспорттауды өткізу кезеңінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдерімен 4 кеңес және мемлекет паспорттарын жасау бойынша 80 көшпелі іс-шара өткізілді.
2025 жылдың 6 ай ішінде Жетісу аудандық полиция басқармасымен заңды тұрғалардың бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505 бап негізінде, 1922 хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 15,4 млн. құрады.
Мәдениет және спорт нысандары
Халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында аудан аумағында
2 кітапхана жұмыс істейді.
Мәдени мұраға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету үшін ауданда жергілікті маңызы бар 14 тарих және мәдениет ескерткіштерін тиісті жағдайда сақтау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Жетісу ауданында 395 спорт нысаны қызмет атқарады.
Анықтама үшін: (28 баскетбол алаңы, 3 скейт алаңы, 3 спорт кешені, 51 футбол алаңы, 273 спорт және воркаут алаңдары).
Жан басына шаққандағы қаржыландыру
2023 жылдың сәуір айынан бастап балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық пен спортқа тартуға бағытталған «Даму Бала» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Бағдарлама аясында барлығы – 3 077 бала қамтылған, оның ішінде:
спорттық бағыт – 1 290 бала (жалпы санының 41,9%),
шығармашылық бағыт – 1 787 бала (жалпы санының 58%).
Мәдени іс-шаралар
Рухани дамуды арттыру, халықтың құндылықтары мен патриотизмді насихаттау мақсатында ауданда жыл сайын маңызды мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда: Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Отан қорғаушылар күні, Халықаралық балаларды қорғау күні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
Биыл Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жетісу ауданы әкімінің аппараты 1704 метрлік ең ұзын лағман жасап, ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Тұрғындармен тұрақты кездесу
Биліктің ашықтығы мен қолжетімділігі саясатын іске асыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында аудан әкімі тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Жетісу ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі бекітілген.
2025 жылдың 2 тоқсанында аудан әкімі тұрғындармен 1 тұрақты кездесу өткізді (22.05.2025ж.). Кездесулер барысында 20 тұрғын сұрақ қойып, жалпы 44 мәселе көтерілді, тиісті бөлімдерге 26 тапсырма берілді оның ішінде:
Азаматтардың өтініштері төмендегі бағыттар бойынша бөлінді:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 12;
- абаттандыру және көгалдандыру – 8;
- инженерлік және жол инфрақұрылымы – 15;
- кәсіпкерлік – 2;
- басқа да мәселелер – 2.
Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау
Тағы бір диалог алаңы – бұл аудан әкімінің жеке қабылдауы, онда тұрғындар өз мәселелерімен тікелей жүгінеді.
2025 жылдың 2 тоқсанында аудан әкімі 12 жеке қабылдау өткізіп, 97 азаматты қабылдады. Қабылдау барысында 97 мәселе көтеріліп, тиісті бөлімдерге 97 тапсырма берілді (КШБ – 31, КБ – 28, ИжЖИБ – 12, ПБ – 8, КжӨДБ– 8, МжТДБ – 5, ҚДБ – 5).
Олардың ішінде:
- оң шешімін тапқандары – 22;
- түсініктемелер берілгені – 75;
Азаматтардың өтініштері мазмұнына қарай келесідей бағыттар бойынша бөлінеді:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19;
- абаттандыру және көгалдандыру – 15;
- инженерлік және жол инфрақұрылымы – 10;
- кәсіпкерлік – 8;
- әлеуметтік көмек – 4;
- жарықтандыру – 2;
- құрылыс мәселелері – 2;
- білім беру және денсаулық сақтау салалары – 2;
- тұрғын үй беру – 12;
- басқа да мәселелер – 25.