2020 жылдың 9 айы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету қызметі туралы ЕСЕБІ

2020 жылдың 9 айы бойынша

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік қызмет көрсету қызметі туралы

ЕСЕБІ

 

2020 жылдың 9 айы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімімен 5806 азаматтық хал актілері тіркелді, оның ішінде: туу туралы – 2807, қайтыс болу туралы – 1083, некені қию туралы – 777, некені бұзу туралы – 249, әкелікті анықтау туралы – 112, А.Ә.Т. ауыстыру туралы – 46, баланы асырап алу туралы -3.

         2020 жылдың 9 айында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімімен 8536 қызмет көрсетілді, оның ішінде: ХҚКО арқылы - 5570, АХАТ бөлімі арқылы - 1184, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 1782.

Есептік кезеңде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөліміне EGOV электрондық порталы арқылы 1782 азаматтардың өтініштері келіп түсті. Олардың ішінен:

  • Неке қиюды тіркеу өтініштері - 559;
  • Өзара келісім бойынша некені бұзуды тіркеу өтініштері - 50;
  • Тууды тіркеу өтініштері – 1058.
Дата публикации
15 октября 2020