Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында портфельдік субсидиялау жөніндегі жобаларды субсидиялау шарттары

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында портфельдік субсидиялау жөніндегі жобаларды субсидиялау шарттары

Кімдер қатыса алады

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері

Сала

Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың, сондай-ақ сауда саласы  (тамақ өнімдері саудасына жол беріледі)қызметін қоспағанда салалық шектеусіз (ЕДБ несиелері бойынша).

Несиенің максимал сомасы

инвестицияларға 20 миллион теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін

Несие бойынша субсидия мөлшері

 ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 7%, оның 14,75%-ын  мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді, 

Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар, ҚҰБЖ базалық мөлшерлемесі + 7%, оның 15,75% - ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді,

Микронесие бойынша субсидия мөлшері

Сыйақы мөлшерлемесі 28%, оның ішінде субсидия 50%

Несие мерзімі

1. инвестицияларға бағытталған субсидия мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды;
2. айналым қаражатын толықтыруға бағытталған субсидия мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 жылды құрайды 


"Кәсіпкерлер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты аясында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға жататын бизнесті субсидиялау шарттары 

Қатысушылар

экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жеке және тиімді жобаларын жүзеге  асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілері

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады 

Сала

Республикалық маңызы бар қалалар/облыс орталықтарынан басқа жерлердегі елді мекендер, оның ішінде моно және шағын қалалардағы, ауылдық жерлердегі жобалар үшін – кәсіпкердің бизнесті жүзеге асыратын орны мен тіркелген жерін ескере отырып, салалық шектеусіз

Республикалық маңызы бар қалалар/облыс орталықтарынан басқа жерлердегі елді мекендер, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде экономиканың басымдық берілген секторлары тізбесіне сәйкес бизнес-жобаны жүзеге асыру кезінде – кәсіпкердің тіркелген жері есепке алынбайды

Несиенің максимал сомасы

Бір кәсіпкер үшін 3 млрд.теңгеден аспауға тиіс. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін несие берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлердегі бизнес-жобалар бойынша қолданыстағы барлық несие/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, несие /қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспайды.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлердегі экономиканың басым секторларының тізбесіне жататын бизнес-жобаларды жүзеге асыру кезінде жоба сомасы бір кәсіпкер үшін 3 млрд теңгеден аспайды

Субсидия мөлшері

ҚР ҰБ ба залық мөлшерлемесі + 5%, оның 12,75%-ын мемлекет субсидиялайды,  ал айырмасын кәсіпкер төлейді

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 5%, оның 13,75% - ын мемлекет субсидиялайды,  ал айырмасын кәсіпкер төлейді - субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жобалары бар және жобаларын Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында іске асыратын, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарындағы кәсіпкерлер үшін

Несие мерзімі

1. инвестицияға субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды;
2. айналым қаражатын толықтыру субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды

Қайта қаржыландыру

Бірінші несие/лизинг берілген күннен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімдегі несиелер/лизингтік мәмілелер жатады

Санкциядағы банктердің салалық шектеулерсіз жобалар бойынша 2 (екі) жылдан астам мерзімге берген, бұрын төмендегідей бағдарламалар аясында мақұлданған/берілген несиелері қайта қаржыландыруға жатады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы;

нақты бір аймақта жүзеге асырылатын өңірлік бағдарламалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 марта 2024