«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ӨКІМ ЕТТІ:
1) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің персоналды басқаруындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мүдделер қақтығысын анықтау.
Жетісу ауданының әкімі Г. Кокобаева
Келісілді:
Аппарат басшысы Ә. Нұртай
Енгізеді:
Мемлекеттік-құқық
бөлімінің басшысы М. Маратқызы