ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар санының артуына байланысты сайлау учаскелерінің шекараларын түзету қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 17 сайлау учаскесінің шекарасына өзгерістер енгізіліп, 1 сайлау учаскесі құрылады.
Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасы әзірленіп, 2024 жылғы 27 ақпаннан 13 наурызға дейін жария талқылау үшін E-GOV порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.
Бұл түзетулер сайлаушылар тізімдерін сапалы өзектендіру мақсатында енгізіледі.