Инженерлік-жол инфрақұрылымы бөлімінің 10 айда атқарылған жұмыстары туралы есебі

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша 2020 жылы "Бірлік" ЖШС жобалау ұйымы "Первомайка" кентінде су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу бойынша жоба әзірледі (мердігер ұйым - "Алматыинжстрой"АҚ).

"Алматыинжстрой" АҚ мердігерлік ұйымы Алкисса көшесі бойындағы Кемел шағын ауданында ұңғымаларды орната отырып, диаметрі 200 магистралды құбыржолдарын төсеу және траншея әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Алкисса тұйық аллеясында құбыр төсеу жұмыстары аяқталды.

Қазанат көшесінде құбырлар мен құдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталды.

Ақсуат көшесінде құбырлар мен құдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта салынған су құбыры - 3,5 км.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған көшелерде диаметрі 25 м. 1695 абоненттік құбырларды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша 2021 жылы "Қазақ СантехПроект" ЖШС жобалау ұйымы Алматы қаласы Жетісу ауданы көшелерінің сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша жоба әзірледі (мердігер ұйым – "НКО" ЖШС).

"НКО" ЖШС мердігерлік ұйымы "Жетісу ауданының көшелерін сумен жабдықтау және кәріз құрылысы" жобасын іске асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында қазіргі уақытта 3,2 км су құбыры және 1,3 км кәріз құбыры салынды.

Бүгінгі күні Кемел ш/а-да Сарыағаш, Маңғышлақ, Кузнецов, Венера, Королев, Куусинен, Якир, Феоктистов, Беляев көшелерінде магистральдық құбыр тарту жұмыстары аяқталды.

Быковский, Леонов көшелерінде траншея әзірлеу және құбыр төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Октябрьская, Алкисса көшелерінде траншея әзірлеу және құбыр төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Логовая көшесінде магистральдық құбыр төсеу жұмыстары аяқталды.

Бурундай көшесінде ұңғымаларды монтаждау және құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.

Омаров көшесінде ұңғымаларды монтаждау және құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде

Қазыбаев көшесінде ұңғымаларды монтаждау және құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.

Таймырская көшесінде ұңғымаларды монтаждау және құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмабаев/Сельская көшелерінде ұңғымаларды монтаждау және құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.

Серіков көшесінде құбыр тарту жұмыстары жүргізілуд

 

Дата публикации
22 ноября 2023