2023 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша
Қоғамдық даму бөлімінің есебі
Бүгінгі таңда Жетісу ауданында 5 462 мүгедектігі бар тұлға (оның ішінде 784 мүгедектігі бар балалар), 22 265 зейнеткер, 3 254 көп балалы отбасы тіркелген.
Жыл басынан бері Жетісу ауданының «Бақытты отбасы» орталығының алаңында аудан әкімінің төрағалығымен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көп балалы аналармен 9 кездесу өткізілді. Қамту 131 адамды құрады, 145 сұрақ қойылды. Негізгі сұрақтар: тұрғын үй алу, жеке тұлғалардың банкроттығы, АӘК тағайындау, мектептерде тегін тамақтану, балаларды балабақшаға орналастыру және т. б.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен мүгедектігі бар тұлғалардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында
2023 жылы Алматы қаласының әрбір ауданында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталықтары ашылды. Мекемеде мүгедектігі бар адамдар заңнамалық, психологиялық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау ала алады.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қамту 1050 адамды құрады.
Бұдан басқа, орталықсыздандыру шеңберінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шыңға өрлеу», «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы», «Бақытты отбасы», «Ten Qogam» әлеуметтік жобаларын іске асыру бөлігіндегі функциялары берілді.
«Шыңға өрлеу» жобасы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 271 бастауыш мектеп жасындағы балалар бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндерін (математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология) оқып, шығармашылық және спорттық сабақтардан (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, сурет салу, ЕДШ, актерлік шеберлік) өтті.
Сонымен қатар, қарттарды белсенді және салауатты өмір салтына баулу мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында
4025 зейнеткер герантолог дәрігері, психолог-кенезиолог қызметтерін алды, емдік йога, скандинавиялық серуендеу және ЕДШ сабақтарынан өтті.
Биылғы жылы зейнеткерлердің сұранысына байланысты Кемел шағын ауданында йога, айкүне, скандинавиялық серуендеу, вокал курстары ашылды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы маусымда «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру бойынша «Сәби тілегі» қоғамдық қорымен шарт жасалды.
«Бақытты отбасы» орталығында 798 адам тіркелді, 658 адам ақпараттық-консультациялық қолдау алды, 87 адам әдістемелік және заңгерлік көмек көрсетті, 114 адам жеке өсу, көшбасшылық, бизнес, отбасылық құндылықтар, психология бойынша базалық тренингтер және 167 көп балалы ана оқыту курстарын өтті (цифрлық сауаттылық, тігін, шугаринг, маникюр, шаштараз, макияж суретшісі, мобилография, қыш өнері).
Қайырымдылық көмек.
2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша келесі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды:
- 75 адамға «Джулия» мюзикліне билеттер берілді (а. ж. 24-25 ақпаны);
- 142 адамға азық-түлік жиынтығы берілді;
- Балаларды қорғау күніне орай үйде қызмет көрсететін 60 мүгедек балаға сыйлықтар табысталды (а. ж. 1 маусымы);
- 25 адамға «Джулия» мюзикліне билеттер берілді (а. ж. 15 маусымы);
- 100 балаға Мемлекеттік циркке билет берілді (а. ж. 17 маусымы);
- «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында 183 отбасына ет таратылды (а. ж. 29 маусымы);
- 600 бала Құлагер және Көкжиек шағын аудандарындағы Шапито циркіне барды (а. ж. 6 және 28 шілдесі);
- 60 адам Туризм басқармасының қолдауымен «Oi qaragai» тау курортына экскурсия ұйымдастырылды (а.ж. 25 тамызы және 4 қыркүйегі);
- 200 бала «Алматы зоологиялық паркіне» барды (а. ж. 9, 10 және 16 қыркүйегі);
- 48 әке Алматы қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырған Әкелер форумына қатысты және 2 әкенің бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды (а. ж. 9 қыркүйегі).
- 100 мүгедектігі бар тұлғаларға «Мүгедектер күні» аясында қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды (а. ж. 6 қазан);
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 60 отбасына демеушілердің қолдауымен азық-түлік жиынтықтары таратылды (а. ж. 5 қазан);
- 100 қарт адамға «Қарттар айлығын» мерекелеу аясында қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды (а. ж. 18 қазан);
- 100 қарт адамға «Қарттар айлығын аясында Ой-қарағай мен Түргенге туристік сапарлар ұйымдастырылды (а. ж. 20 және 27 қазан);
Қамқоршылықты белгілеу.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес Жетісу ауданы әкімінің аппараты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
А. ж. 10 айының қорытындысы бойынша :
- әрекетке қабілетсіз 24 адамға қорғаншылық белгіленді;
- 82 азаматқа қорғаншылық белгілеу, басқа елді мекенге ауыстыру, банктік шоттан алу мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Жыл басынан бері Тылдағы еңбек қатысушысы мәртебесін 7 адам алды.
Жалғыз басты зейнеткерлерге үйде қызмет көрсету.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 38 әлеуметтік қызметкеріне 300 жалғызбасты, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетіледі.
Жұмыспен қамту мәселелері.
Жетісу ауданында еңбек мобильділігі орталығында есепте 2 143 адам тұрады, оның ішінде 1 885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған:
- 481 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 1 517 адам);
- 84 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді (жоспар 98 адам);
- 42 адам жастар тәжірибесіне жіберілді (жоспар 72 адам);
– 26 адам «алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс істейді (жоспар 38 адам);
- 1120 адам қоғамдық жұмыстарға қатысушылар (жоспар 1 500 адам);
- 12 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды (жоспар 16 адам);
- 81 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді (жоспар 100 адам);
- 11 адам 5 млн. теңгеге дейін шағын несие алды (35 жасқа дейінгі жастар үшін) ;
- 28 адам 400 АЕК (1 380 000 теңге) дейін грант алды (жоспар 100 адам).
Денсаулық сақтау.
Ауданда «Айнабұлақ», «Көкжиек» және «Құлагер» шағын аудандарында орналасқан 3 емхана (№11, №21 және "Құлагер" ПШО) жұмыс істейді.
Барлығы аралас үлгідегі емханалар: Алматы қаласы Жетісу ауданының ересектеріне, балаларға бір мезгілде алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық, оның ішінде мамандандырылған көмек көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «№11 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК сейсмикалық күшейту аяқталды. Сонымен қатар, Кемел шағын ауданында күніне 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау нысандарының тапшылығын азайту және медициналық қызметтерге қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен
2 ғимарат (Нүсіпбеков көшесі, 141б және Омаров көшесі 91а) сатып алынып, емхана ашу үшін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізу үшін «KDC Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы анықталды және ағымдағы жылдың қараша айында мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастайды.
Мектеп және мектепке дейінгі білім беру.
Жетісу ауданының білім беру жүйесінде 21 мемлекеттік мектеп (29 мың оқушы) және 22 мемлекеттік балабақша (3,8 мың бала) жұмыс жасайды.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан «Мектепке жол» акциясы аясында 1940 балаға 83,4 млн. теңгеге (43 мың теңгеден) ақшалай көмек төленді. Сонымен қатар, демеушілер есебінен ХӘОТ санатындағы 1082 балаға мектеп формалары, рюкзактар, кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап 5 мектепте (№80, 87, 103, 112, 193) оқушыларды тасымалдау бойынша мектеп автобустары ұйымдастырылды (жеткізуші – «Алматыэлектротранс» ЖШС).
Сонымен қатар, №101 мектептің 312 орындық акт залының, №148 мектептің 300 орындық ғимаратының құрылыс жұмыстары, №80 мектептің күрделі жөндеуі және Айнабұлақ-4 шағын ауданындағы 160 орындықты балабақшаның құрылысы аяқталды..
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында №103 (200 орын) және №112 (300 орын) мектепте қосымша құрылыс ғимараттарының құрылысы басталды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды паспорттау және бейімдеу.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және кедергісіз орта құру үшін Жетісу ауданы әкімінің аппараты қаланың ыңғайлы Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Барлық бейімделген нысандар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Invagov.kz» порталында орналастырылған. 2023 жылы Алматы қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеуді жүргізу жоспары бекітілді, оған Жетісу ауданы бойынша
61 нысан кірді.