2023 жылдың 10 айында Жетісу ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілген қызметтер
Атаулы әлеуметтік көмек 526 отбасына, тұрғын үй көмегі 149 отбасына тағайындалды, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ай сайынғы әлеуметтік көмек 7 адамға көрсетілді. Екінші некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (өлген, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері санаты бойынша 25 адам, Ауғанстан оқиғасы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің жұбайы (зайыбы) қайта некеге тұрмаған ата-аналары 2 адам, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдардың ардагерлері – 312 адам, тыл - еңбек ардагерлері - 623 адам, Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген тұлғалар -86 адам, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар – 35 адам көмек алды.
Суық су және ыстық сумен қамтамасыз ететін жабдықтарды сатып алу, орнату және тексеру шығындарын өтеуге аз қамтылған 22 адамға көмек крсетілді.
АИТВ жұқтырған балаларға жыл сайын отбасының табысын есептемегенде тағайындалатын әлеуметтік көмек 3 адамға берілді.
Үйде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бойынша жәрдемақы 94 адам төленді.
Протезді-ортопедиялық көмек 267 адамға көрсетілді..