Мемлекеттік-құқық бөлімінің 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі.

Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің

2023 жылдың 3тоқсанға атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ

 

         2023 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері:

  • аудандық сотта – 43 азаматтық, 1 қылмыстық істерге;
  • Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық сотында – 21 азаматтық істерге;
  • Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында – 7 әкімшілік істерге;
  • Алматы қалалық сотында – 13 азаматтық, 3 әкімшілік істерге қатысты.

          Сот істерінде жиі кездесетін сұрақтар, мұра қабылдау, азаматтарды іс-әрекетсіз деп тану, материалдық шығындарды өтеу, заңдастырылған шешімдерді заңсыз деп табу, сонымен қатар, жекеменшікке құқық тану, мемлекеттік сатып алуға байланысты шарттардың талаптарын орындамау және т.б.

         11 маусым 2001 жылы №789 Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының үлгілік ережесіне сәйкес қылмыстылықты, құқықбұзушылықты алдын алу  және қадағалаусыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер органдарының, білім және ғылым, мәдениет, қоғамдық және бұқаралық бірлестіктерімен, денсаулық және басқа да ведомстволардың өкілдерімен үйлестірілген жұмыс жүргізілуде. 

         Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Жетісу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес – 23 отырыс өткізілді, 9 мекенжайға шығу арқылы комиссияның шығу отырысы өткізіліп,    139 құжат қарастырылды. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және КТІЖҚҚВК ережесіне сәйкес ата-ана құқықғынан айыру туралы – 16 құжат; ата-ана құқығынан шектеу туралы  - 2 құжат; ҚР ӘҚБтК 127 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту – 25 құжат Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі ауданарлық сотына жолданды.

         Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша аудандық штабының және кәмелетке толмағандар ісі бойынша Ведомствоаралық комиссиясының жауапты хатшысы Алматы қаласы ПД Жетісу аудандық ПБ  ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесімен бірлесіп қоғамдық орындарда, (саябақ, көлік жуу орындарында, жанармай станциясында, компьютер клубтарында) тұрақты негізде тексеріс жүргізіледі. Жыл басынан аудандық комиссиының және штабтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 36 рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

         Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің қылмыс жасауының, кәмелетке толмағандарға ішімдік, темекі сатуды анықтау, түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдердің қадағалауынсыз жалғыз жүрулерінің, сонымен қатар ересектердің жасөспірімдерді қоғамдық істерге қарсы әрекет етуге итермелеуінің алдын алу және ескерту болып табылады.

         Ағымдағы жылдың 12, 14, 20 маусымда ауданның 21 мектеп директорларының кәмелетке толмағандардың қылмыстылықты, құқықбұзушылықты алдын алу және жазғы демалысын ұйымдастыру туралы тыңдалды. Нәтижесінде бір-қатар ұсыныстар енгізілді.

         2023 жылдың 06 маусымында Жетісу ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының  отырысы өткізіліп, 26 маусым нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық кезінде өткізілетін шаралар туралы талқыланды. 

         2023 жылға арналған Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және қолданылатын шаралар бойынша аудан әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, ауданның әдеп жөніндегі өкілімен және Әділет департаментінің, мемлекеттік қызмет деппартаменті қызметкерлерімен  бірлесіп, мемлекеттік қызметшілермен 5 семинар-жиналыс өткізіліп, ҚР заңнамаларын қатаң сақтауға, әдеп кодексінде бекітілген нормаларды бұзбау туралы ескертілді. 

         Сонымен қатар, 2022-2026 жылға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Концепциясын жүзеге асыруға бағытталған шаралар бойынша ауданның 22 мектепке дейінгі оқу орындарының жетекшілерімен және 21 мекетп директорларымен, сонымен қатар, мемлекеттік органдарының басшыларының қатысуымен  3 семинар-жиналыс өткізілді.    

Жетісу ауданы әкімінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №62/1-ө «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес, жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы №01 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою қажеттілігі анықталды.

Сонымен қатар, жеке бекітілген жоспарға сәйкес, әдеп жөніндегі өкілмен, аудан әкімінің сыбайлас жемқорлық бойынша кеңесшісінің қатысуымен Жетісу ауданы төтенше жағдайлар бойынша басқармасының және Жетісу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің этикасы бойынша тыңдалды.  

         2023 жылдың 3 тоқсанға арналған Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен құқықтық оқыту туралы жекелеген жоспарға сәйкес семинарлар-лекциялар жүргізілуде. 

         Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік-құқық бөлімі жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 61 өтініші мен арыздарын қарастырып, өтініштерді қарастыру кезінде мерзімінен асқан фактілерге жол бермеді.     

         Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімінің жеке қабылдауының нәтижесінде және халықтың арыздары бойынша құқықтық-түсіндіру жұмысы күнделікті жүргізілуде.

         Жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлығы 118 құжат қабылданып, 462 тұрғынға құқықтық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. 

         Жалпы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің мамандары жұмысты бекітілген жоспарға және барлық аумақтық бағдарламаларға сәйкес, уақытылы және тиісті іс-шаралар қолданып, аталған жұмыстарды мемлекеттік және ресми тілде жүзеге асырып келеді.

 

 

Мемлекеттік-құқық

бөлімінің басшысы                                                                  М.Маратқызы

 

 

Дата публикации
10 октября 2023