«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкіміні аппараты» КММ-де
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жүргізілген ішкі талдаудың
АНАЛИТИЛЫҚ АНЫҚТАМСЫ
26.06.2023 ж. Алматы қ.
«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкіміні аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкіміні аппараты» КММ-нің ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары мен шешіміне және басқа да нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №62/1-ө «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кезеңі: 2023 жылдың I жартыжылдығы.
Әкім аппаратының қызметін талдаған кезеңі: 2023 жылдың 6 айы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі жұмыс тобының мүшелерімен жүргізілді:
Жұмыс тобының төрайымы: Нұртай Әлия Бахытқызы – аудан әкімінің аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшелері:
Акежанов Дамир Нурсултанович – аудан әкімінің орынбасары;
Рахымгалиев Жандос Елубаевич – аудан әкімінің орынбасары;
Әлкебайұлы Данияр – аудан әкімінің орынбасары;
Оралбек Мадияр Айдарұлы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Маратқызы Маржан – мемлкеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.
Жұмыс тобының хатшысы:
Аскербекова М.А. - мемлкеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.
Жұмыс тобы мүшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесіні басшылыққа алды:
ҚР әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің нормалары, нормативтік құқықтық актілері, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ Ережесі және лауазымдық нұсқаулықтар (аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін ішкі құжаттар).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағытта жүргізіледі:
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ішкі құжаттарына: Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары мен шешімдері және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдері, басқа да нормативтік құқықтық актілер және ішкі нормативтік құжаттар (аппарат бөлімдерінің ережелері және т.б.).
2023 жылдың 6 айында аудан әкімімен әкімшілік-басқарушылық және жекелеген мәселелерге қатысты 79 өкім қабылданды, оның ішінде:
- 62 өкім әкімшілік-басқарушылық сипатта;
- 17 өкім жеке мәселелер сипатында.
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты – 81 өкім қабылданды.
Аналитикалық анықтаманың қорытынды бөлімі:
Жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылдың 6 айы кезеңі бойынша жүргізіліп, келесі бағыттарды қамтыды:
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметін қозғайтын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ кезінде келесі тәуекелдер анықталыд:
2022 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №77 Жарлығымен 2015 жылдың 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына өзгерістер енгізілді.
Оыған байланысты, 2023 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының № 34 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіліп, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың типтік әдістемесі жаңа басылымда жарияланды.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы №01 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою қажет.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар:
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы №01 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою үшін қажетті шаралар қолдану;
- Жетісу ауданы әкімінің Интернет-ресурсында аналитикалық анықтамада көрсетілген ұсыныстар бойынша ақпаратты жариялау.
Жұмыс тобының төрайымы Ә. Нұртай
Жұмыс тобының мүшелері:
Д. Акежанов
Ж. Рахымгалиев
Д. Әлкебайұлы
М. Оралбек
М. Маратқызы