Алматы қаласының Жетісу ауданында 47 учаскелік комиссия тіркелген, онда 429 комиссия мүшесі, оның ішінде төрағалар – 47 адам, төрағалардың орынбасарлары – 47 адам, хатшылар – 47 адам және комиссия мүшелері – 288 адам.
"Сайлау комиссияларының кадрларын қашықтықтан оқыту және тестілеу" ҚР ОСК интернет-ресурсының кіші жүйесінде ағымдағы жылғы 30 қараша мен 21 желтоқсан аралығында учаскелік комиссиялардың барлық мүшелері, сондай-ақ Жетісу ауданының аумақтық комиссиясының мүшелері тіркеліп, тестілеуден өтті және сертификаттар алды. Сертификаттарекі аспект бойыншаалынды:
УСК мүшелерін дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның аумақтық комиссиясы 3-27 қараша аралығында оқыту семинарларын ұйымдастырып, учаскелерге барып өткізді.Аталған семинарларға учаскелік сайлау комиссияларының 429 мүшесі қатысты. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңы және сайлауға қатысты басқа да заңдар мен нормативтік құжаттар жан-жақты зерделенді.
Желтоқсанын 4-нен тренингтер басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл тренингтер әр учаскеде жеке өткізіледі. Аталған тренингтер 41 учаскеде өтті, оған УСК 380 мүшесі қатысты. Тренингте сайлау күні болуы мүмкін түрлі ерекше жағдайлар орын алады.Комиссия мүшелеріне учаске ашудан бастап , бюллетеньдер беруден бастап, сайлаушылардың деректерін тексеру, есептен шығару куәліктерімен жұмыс, үйде дауыс беруді өткізу, бақылаушылармен, сенім білдірілген адамдармен және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, олардың іс-қимыл алгоритмі жеткізіледі.Ситуациялық тренингтерге учаскелік комиссиялардың барлық мүшелері, сондай-ақ ауданның аумақтық комиссиясының мүшелері қатысады.
Жетісу ауданының сайлаушыларына мәлімет үшін аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мына мекенжайда орналасқан: Ратушный көшесі, 131, №112 жалпы білім беретін мектептің үй-жайында. Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 236-05-21.