

Президент Жолдауын орындау мақсатында, сондай-ақ "Полиция қадамдық қолжетімділік" қағидатын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтардан неғұрлым зардап шеккен учаскелерде және азаматтар көп жиналатын орындарда модульдік үлгідегі полицияның 4 модульдік бекеттері орнатылған, олар Жетісу ауданындағы қылмыстық жағдайына оң әсер етті. Модульдік посттардың басты міндеті полиция жұмысының жеделдігі, ашықтығы және сервистік форматын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін жүргізілуде.
Стационарлық бекеттер орналасқан жерлерге жақын орналасқан үйлердің тұрғындарының пікірін талдау олардың оң пікірлері мен қолайлы тенденциясының артуын көрсетеді.
Модульдік посттар: Федоров к-сі,12 (Гончаров көшесінің қиылысында), Солтүстік айналым көшесінің бойында ("Салем" базарына қарама-қарсы), Айнабұлақ ықшам ауданы (Жұмабаев пен Мұқатай көшесінің қиылысында), Райымбек даңғылы мен Сүйінбай даңғылының қиылысында ("Мерей" сауда кешенінде) орналастырылды.
63 полиция участкелік пунктінің алынуына байланысты, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жедел жолын кесу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Жетісу аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, Сейфуллин даңғылы мен Ақпаев көшесінің қиылысында 5-ші модульдік полиция пунктін орнату жоспарлануда.
Жетісу аудандық ПБ бастығы бекіткен кезекшілік кестесіне сәйкес полиция пунктерінде қызметкерлер 2 ауысымда қызмет етеді: 08: 00 мен 20:00 аралығында ЖПҚБ қызметкерлері және 20:00 мен 08:00 аралығында Алматы қаласы полиция департаментінің патрульдік полкы қызметкерлері кезекшілік жүргізеді.