
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы қызметкерлері, 25 қазан - Республика күніне орай, қаланың экономикалық-саяси дамуына зор үлес қосқаны үшін, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Алматыда жерді бағалық аймақтарға бөлу схемасы бекітілді Салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемесін көтеру және жерді бағалық аймақтарға бөлу схемасы туралы шешім жарияланды
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар бағалық аймақтарға бөлу схемасына өзгерістер енгізу туралы шешімді бекітті.
Тиісті шешім жобасы 2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс 53-сессиясында қаралды.
Бағалау аймақтарының санын жетіден беске дейін қысқарту және бір мезгілде олардың аумақтарын кеңейту ұсынылады.
2014 жылы Алматы қаласына Алматы облысының шамамен 23,2 мың гектар аумағы қосылды.
Сол кезде бұл аумақтарда қажетті көлік және инженерлік инфрақұрылым іс жүзінде болмаған, сондықтан олар 5-ші, 6-шы және 7-ші бағалау аймақтарына жатқызылды.
Өткен 11 жыл ішінде қаланың аумағы айтарлықтай өзгерді. Атап айтқанда, көлік және инженерлік инфрақұрылым дамып, әлеуметтік нысандар салынды, жаңа тұрғын үй, қоғамдық-іскерлік және коммерциялық аумақтар қалыптасты. Осы аумақтардың игерілу деңгейінің өзгеруіне байланысты олардың бағалау аймақтарына тиесілігін қайта қарау ұсынылады.
Сонымен қатар, Алматының жаңа Бас жоспары бекітіліп, қаланың полицентрлік даму моделі қалыптасуда. Осыған байланысты бағалау аймақтарының санын жетіден беске дейін қысқарту және бір мезгілде олардың аумақтарын кеңейту ұсынылады.
Жаңа Салық кодексіне байланысты аймақтардың шекараларын өзгерту аумақтар арасындағы салықтық жүктеменің қайта бөлінуіне алып келеді.
Бұл ретте жер салығының жаппай өсуі көзделмейді.
Жер учаскесін жаңа аймақтарға бөлуге байланысты салық сомасы ұлғаюы, төмендеуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін.
— Салықтың өзгеруі, ең алдымен, шекаралар нақтыланғаннан кейін нақты жер учаскесінің қай бағалау аймағына жатқызылатынына байланысты болады.
Аймақтар бойынша түзету коэффициенттерін де төмендету жағына қарай түзету ұсынылады.
Өзгерістер негізінен коммерциялық мақсаттағы жерлерге қатысты болады. Бұл ретте түзету коэффициенттері тұрғын үй құрылыстары бар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне қолданылмайды — олар бойынша Салық кодексінде белгіленген салықты есептеудің жеке тәртібі қолданылады.
Мысалы, «Сайран» шағын ауданында салық 1 сотық үшін 202 теңгеге, яғни 4%-ға өседі, Ерменсайда — 11%-ға (1 сотық үшін 434 теңгеге) өседі. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Медеу» спорт кешені үшін салық сомасы 18%-ға (1 сотық үшін 666 теңгеге) ұлғаяды.
Толе би, Жандосов көшелері, Алтынсарин және Жұбанов даңғылдары ауданындағы екінші аймақта салықтық жүктеме шамамен 2%-ға (1 сотық үшін 86 теңгеге) төмендеуі мүмкін. Қалқаман ауданында ол 3%-ға (1 сотық үшін 145 теңгеге), тау кластерінде — 10%-ға (1 сотық үшін 377 теңгеге), Алматы Арена ауданында — 16%-ға (1 сотық үшін 579 теңгеге) өседі.
Ең жоғары өсім индустриялық аймақ аумағы үшін көзделіп отыр — 26%-ға дейін (1 сотық үшін 782 теңгеге).
ХАБАРЛАНДЫРУ/ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы КММ және Алматы қаласы жерқатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» ШЖҚ КМК қызметін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шеңберінде жария талқылауды бастау туралы
Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы КММ (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, жария талқылау жүргізу туралы хабарлайды:
- Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы КММ қызметінде;
- Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметінде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз uzoalmaty@almaty.gov.kz Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: 229-21-55
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы КММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 01 шілде мен 31 шілде аралығында Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» КМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2026 жылғы 01 шілде мен 31 шілде аралығында Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетінін хабарлаймыз: - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты uzoalmaty@almaty.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда, 229-21-55 телефоны арқылы хабарласуға болады

«Қазақстанның үздік тауарын»: Алматы таңдайды
2026 жылғы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастыруда.
Конкурс отандық өндірушілерді қолдаудың, қазақстандық өнім сапасын арттырудың және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетудің негізгі алаңдарының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты -кәсіпорындарды заманауи сапа стандарттарын енгізуге ынталандыру және бизнес пен халық арасында сапа мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Биыл көрмеге отандық өнімнің кең ассортиментін ұсынатын 60-тан астам өндіруші қатысады. Келушілер үшін дәм тату, өнімдер таныстырылымы, қазақстандық брендтер жәрмеңкесі, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдері мен тауарларының көрсетілімі ұйымдастырылады.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын және шығарылатын өнімнің тұрақты сапасын дәлелдейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер шақырылады.
Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;«Халыққа арналған үздік тауарлар»;«Үздік азық-түлік тауарлары».Әр номинация бойынша үш жеңімпаздан анықталады. Өңірлік кезеңнің үздік кәсіпорындары Алматы қаласының намысын республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінде қорғайды.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша тоғыз кәсіпорын конкурс дипломанты атағына ие болып, дипломдармен және «Қазақстанның үздік тауары» ресми эмблемасымен марапатталады, сондай-ақ конкурс белгісін төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.
Конкурсқа қатысу үшін Алматы қаласының кәсіпкерлері өтінімдері мен сұрақтарын келесі электрондық поштаға жолдай алады: otp.atameken@gmail.com.
Алматы тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға және отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге шақырамыз. Үздікті бірге таңдаймыз!
Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы кезекті сенбілікке қатысты.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері «Тазару күні» жалпықалалық сенбілікке шықты.
«Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының ұжымы таң ертеңнен бастап ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Ұжым күшімен Наурызбай ауданындағы Ж. Жиембаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жанындағы скверде жас көшеттер отырғызылып, аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді.
✅Апта сайын Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Гүлнар Ахмеджанқызы Көкебаева азаматтарды әр сәрсенбі сайын сағат 1000-ден 1200-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Абай даңғылы 90 8-қабат 808-кабинет. Сіз 7 күн бұрын қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі арқылы жазыла аласыз : 229-21-51 (ішкінөмірі 518) және 8-708-339-1626 Жауапты тұлға Басқарманың әкімшілікқаржы бөлімінің басшысыОралбек Мадияр Айдарұлы
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы «Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры» бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы, мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, телефон: 8 (727) 378 45 28.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою саласында қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ осы учаскелерді ғимараттардан (тұрғын үйлерден, құрылыстардан және т.б.) босату.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Кәсіпорынның қызмет саласына сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторларына сай басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Қазіргі заманғы шаруашылық жүргізу мен ұйымды басқару әдістерін, стратегиялық жоспарлауды, экономикалық көрсеткіштер жүйесін, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау мен орындау тәртібін, кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу қағидаларын, еңбекті және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациядан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысушы өз білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттар көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher?lang=ru конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90, 8-қабат, Әкімшілік-қаржы бөлімі (802 бөлме).
Конкурсқа жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, үміткерлер Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасында 10 күнтізбелік күн ішінде әңгімелесуден өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (727) 229 21 51, +7 771 822 66 42
ХАБАРЛАНДЫРУ/ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы КММ сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізу туралы
Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы КММ (бұдан әрі - Басқарма) Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, жария талқылау жүргізу туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз uzoalmaty@almaty.gov.kz Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: 229-21-55