
Иә.Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар жобаларды, атап айтқанда, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар салуды, магистральдық көшелерді тесіп өтуді және жолдарды кеңейтуді іске асыруға байланысты жүргізіледі.
Жер учаскесінің меншік иесіне алып қоюдың негіздері көрсетіле отырып, ресми хабарлама жіберіледі. Одан кейін жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құны нарықтық құнын ескере отырып бағаланады. Меншік иесі келіскен жағдайда сатып алу туралы шарт жасалады, содан кейін көзделген өтемақы меншік иесіне төленеді.
Өтемақы мөлшерімен келіспеген жағдайда меншік иесі сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте өтемақының түпкілікті мөлшері сот арқылы айқындалуы мүмкін.
Осылайша, заңнамада меншік иелерінің мүліктік құқықтарын қорғау және жерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде тиісті өтемақы алу тетігі көзделген.
Жер учаскесін бағалаумен және оны мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіспеген жағдайда, Сіз өзіңіздің бұзылған немесе дауланатын құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғауға құқылысыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сәйкес, әркім осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұзылған немесе дауланатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы 8-тармағына сәйкес, жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын тұлғалардың құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою рәсіміне қатысты қосымша ақпарат алу, сондай-ақ тиісті түсіндірмелер алу үшін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Жерді алып қою және резервке қою» бөліміне мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Абай даңғылы, 90, 801-кабинет.
Жауапты қызметкердің телефоны: +7 747 669 4171.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (алып қою) туралы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) тиісті қаулысымен қабылданады.
Әкімдіктің жер учаскесін алып қою туралы қабылдаған шешімі туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен тексеруге болады:
Жауапты қызметкердің телефоны: +7 (747) 669-41-71.
Жер қатынастары басқармасы мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды сатып алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Алматы қаласы Қала құрылысы және сәулет басқармасы көрсетеді.
Қала жерлерінің шектеулі болуына байланысты Алматы қаласының Бас жоспарында жеке тұрғын үй құрылысына беру үшін арналған алаңдар көзделмеген.
Осыған байланысты, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бос жерлердің болмауын ескере отырып, қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру мүмкін емес.
Осы себепті Алматы қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезек қалыптастырылмаған және жүргізілмейді.
Жер учаскесінің бөлінетіндігін айқындау рәсіміне қатысты.
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін алу үшін жер учаскесінің меншік иесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы Алматы қаласының әкімі атына өтініш беруі қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет тек қағаз түрінде көрсетілетінін және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайтынын хабарлаймыз.
Айта кету керек, жер учаскесін бөлу мәселесі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп қаралады.
Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер негізінде белгіленеді.
Жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталы арқылы қабылданады.
2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес, жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, іргелес меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ жер учаскесіне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер қамтылған құжат.
Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер негізінде белгіленеді.
Жерге орналастыру жобасын жасау рәсімі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
Жерге орналастыру жобасын келісетін мүдделі мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтерді жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен рұқсат етілген пайдалануына қарай уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте жерге орналастыру жобасын келісу жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарай жер, орман, су заңнамасының, өртке қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, құрылыс және қала құрылысы жөніндегі міндетті нормалар мен қағидалардың сақталуы бөлігінде жүзеге асырылады.
Егер Сіз жер учаскесін уақтылы және заң бұзушылықтарсыз пайдаланған болсаңыз, жалдау мерзімін жаңа мерзімге ұзартуға басым құқығыңыз бар. Барлық рәсімдерді eGov.kz порталы немесе жақын орналасқан ХҚКО арқылы жүзеге асыруға болады.
Өтінішті қолданыстағы жалдау шартының мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын беру қажет (егер шарттың өзінде басқа мерзім көрсетілмесе).
Кеңес: өтініш беруді соңғы сәтке қалдырмаңыз, әйтпесе жалдау мерзімін ұзартуға басым құқығыңыздан айырылуыңыз мүмкін.
eGov.kz арқылы онлайн (ең жылдам тәсіл):
ЭЦҚ арқылы сайтқа кіріп → «Жылжымайтын мүлік» → «Жер қатынастары» бөліміне өтіп → «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметін таңдап, өтінішке қол қою қажет.
ХҚКО арқылы жеке жүгіну:
Жеке куәлікпен, қолданыстағы жалдау шартымен және жер учаскесіне арналған актімен кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.
Шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасынан (Абай даңғылы, 90) консультация алуға немесе e-Otynish сервисі / Open Almaty қабылдауы арқылы сұрау жолдауға болады.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.