
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті басшысының қатысуымен өткен семинар-кеңес туралы
2025 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласы ЖҚБ-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция қызметінің басшысы Сәлімбаев Қанат Әсембайұлының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинарда Алматы қаласының ЖҚБ мен оған бағынысты "Қала Жер Орталығы" ҚМҚК құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау тәуекелдері және олардың алдын алу шаралары талқыланды.
ЖҚБ басшылығының ұйымдастыруымен семинар-кеңеске Алматы қаласы ЖҚБ мен "Қала Жер Орталығы" ҚМҚК ұжымының толық құрамы қатысты.
Семинарды ЖҚБ басшысы Көкебаева Г.А. ашып, қатысушыларды құттықтап, Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы басқармасының және оған қарасты кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпорын қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау барысында орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Превенция қызметінің басшысы Сәлімбаев Қ.А. жасады.
ЖҚБ-нің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Темір Д.Т. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Амрин А.К. 2025 жылғы 20 ақпанда берген резолюциясын орындау мақсатында 2025 жылғы 17 ақпандағы АМОҚС-тың (үкім заңды күшіне енбеген) үкімінде көрсетілген кейстерді зерделеу және ЖҚБ мемлекеттік қызметшілері мен ҚМҚК қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау барысында туындайтын ықтимал тәуекелдер туралы баяндама жасады. Үкім 158 беттен тұрады.
Кейс талдауы нәтижесінде 6-дан 29-ға дейінгі істер жер қатынастарын реттеу және мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алып қою мәселелеріне қатысты екені анықталды. Бұл ақпарат ЖҚБ және оған бағынысты "Қала Жер Орталығы" ҚМҚК ұжымына жеткізілді.
Семинар барысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, Сәлімбаев Қ.А. нақты жағдайларды шешу, сондай-ақ жүргізілген тәжірибе талдауы негізінде сот істерін жалғастырудың тиімділігін бағалау бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берді.
Аталған ұсынымдар ҚМҚК тарапынан назарға алынып, тәжірибе талдауы нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
ЖҚБ-нің барлық мемлекеттік қызметшілері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен жер заңнамасына сәйкес мемлекет пен Алматы қаласының мүдделерін қорғауға жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс;
ҚМҚК ұжымына қызметтік ақпарат пен өз қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған мәліметтерді жария еткені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтеу және тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту берілді.
ЖҚБ және оған бағынысты ҚМҚК ұжымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл тақырыбындағы кейстермен