Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі №2/195-446 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 13 сәуірдегі №2/195-446 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес,                                 «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру                          басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы                                            23 ақпандағы № 56.2-56.03/307-И хаты негізінде, Алматы қаласының                                                        әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Автобус паркі құрылысы үшін, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағынауданы, Жандосов көшесінің солтүстігі, Егінсу көшесінің шығысы мекенжайы бойынша орналасқан 3 (үш) жер учаскеcін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы  Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 13 сәуірдегі

№ 2/195-446 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с№

Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.    

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2129

«Ақжар» шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/19

0,1554

2.    

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2130

«Ақжар» шағын ауданы,  Егінсу көшесі, 35/20

0,0686

3.    

«Агрегат НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-017-2131

«Ақжар» шағынауданы,  Егінсу көшесі, 35/17

1,4741

 

_________________________________

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2026