Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 13 сәуірдегі №2/195-444 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 22.1-22.01/46-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалану объектісі үшін (аумақты абаттандыру үшін) Асыл Серикович Тлеужановтың, Эльмира Жуматовна Абишеваның Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әлімжанов көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-311-047-033 (20-314-020-066), алаңы 0,1595 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды