Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі №2/195-426 қаулысы Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 8 сәуірдегі №2/195-426 қаулысы

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 47.07/265-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2029 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде сыртқы инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау) шығару үшін Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Казаков көшесінде орналасқан, ауданы 0,0225 га жер учаскесіне меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз жария сервитуттың шекара жоспарына және осы қаулының қосымшасына сәйкес шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                       Д. Сатыбалды

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 8 сәуірдегі

№ 2/195-426 қаулысына қосымша

 

 

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы, га

1

20-314-063-280

Жетісу ауданы, Казаков көшесі, 13А

0,8972

0,0012

2

20-314-063-194

Жетісу ауданы, Гончаров көшесі, 23 үй

2,1976

0,0005

 

________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2026