Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 7 сәуірдегі №2/195-423 қаулысы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 41.2-41.05/1478-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы №1/1-312 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына сәйкес жүргізілетін, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы №1/1-312 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) аталған қаулыны «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалына мәлімет үшін жолдасын;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды