Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 30 наурыздағы №1/1-408 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 42.1-42/221-и хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалпы білім беретін мектепке қосымша құрылыс салу үшін, Эльмира Максуткановна Актанованың, Асылбек Жасуланович Канатбаевтың Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Айнабұлақ» шағынауданы, 65/2 мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-314-022-312, жалпы ауданы 0,3940 га жер учаскесінен ауданы 0,3197 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаске бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесі бөлігінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесі бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды