Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №1/1-406 қаулысы  Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1/1-166 «Мемлекет мұқтажы үшін жер жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы  

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 30 наурыздағы №1/1-406 қаулысы

 Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы

№ 1/1-166 «Мемлекет мұқтажы үшін жер жер учаскесінің

немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 2025-309 кеңесінің қорытындысы бойынша хаттама негізде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1/1-166 «Мемлекет мұқтажы үшін жер жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
  2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                               Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2026