Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 26 наурыздағы №1/1-369 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 2178СЛ хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 26 наурыздағы№ 1/1-369
қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«MyCar Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-315-062-007 |
Құлжа тас жолы, 92 |
0,5600 |
|
2. |
Насибов Чингиз Лямиязович, Насибова Халида Рагимовна |
20-315-062-269 |
Құлжа тас жолы, 70/2 |
0,1470 |
|
3. |
Козлова Олеся Васильевна |
20-315-062-285 |
Қорғас-Алматы автотрассасы |
0,2500 |
_________________________________