Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 2 наурыздағы №1/1-263 қаулысы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығару тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 26.1-26.06/101-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тұру-бұрылу алаңын салу үшін Алматы қаласы Алатау ауданының Солтүстік айналым көшесінің батысында орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
- Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 3/470-1038 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды